«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 66 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 66 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін мынадай ведомстволары бар:
1) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;
2) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
3) Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.
10. Министрліктің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
15. Міндеттері:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
16. Функциялары:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
2) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
3) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы және медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
5) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
6) медициналық көмекті ұйымдастыру;
7) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
8) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту;
9) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
10) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
11) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
12) ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелерінің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарының мазмұнын келісу;
13) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
14) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |