Bestprofi Logo

Қаулы № 500 от 1999-04-29г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 500

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне бағыныстағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093

480013 Алматы қаласы, республика алаңы, 4.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание