• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.08.2003 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 500      
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже; 
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2)-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1366 қаулысымен. (18.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1999 жылғы 29 сәуірдегі
 N 500 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093
қаулысымен.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. 
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.1999. № 1093 қаулысымен.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2003. № 654 қаулысымен. (23.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Комитеттің негізгі міндеттері: 
1) мәдениет саласында, оның ішінде тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, саланы реформалауды жүзеге асыру; 
2) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және тарату туралы қамқорлық; 
3) өз қызметінің саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мәдениет саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу; 
4) мәдениет саласындағы өнім мен қызмет көрсетулердің отандық рыногын зерделеу, талдау және болжамдау; 
5) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде кино, -бейнефильмдер шығаруы үшін ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, бұл туындылардың жоғары кәсіби және көркемдік деңгейін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде таратуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; 
6) өз құзыретінің шегінде мәдени құндылықтарды еркін пайдалануды қамтамасыз ету; 
7) мәдениет саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу; 
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, кино және бейне туындылардың тізілімін жасау; 
9) фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу болып табылады.
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) өнер туындыларын жасауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады, көркемдігі жоғары кино, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнері, бедерлік-қолданбалы өнер, эстрадалық және цирк өнері туындыларының жасалуын қамтамасыз ететін конкурстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастырады; 
2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде жасаған кино, бейнефильмдеріне тіркеу куәліктерін береді; 
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдаланудың тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және өз құзыретінің шегінде бекітеді; 
4) мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне құрметті атақтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныс енгізеді; 
5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныс енгізеді; 
6) өз құзыретінің шегінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді; 
7) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында: 
1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға; 
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, азаматтардан өзінің функцияларын орындауы үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға; 
3) көп жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға қатысуға; 
4) мемлекеттік тапсырыстардың шеңберінде жасалатын кино, бейне туындыларды қарау және олар бойынша қорытындылар беру жөніндегі сарапшылар комиссиясын құруға;