Toggle Dropdown
4
"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 қараша N 1186
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақ ақпарат агенттiгiн одан әрi дамыту, қазiргi заманғы менеджмент пен маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде ақпарат сипатындағы хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн;
Toggle Dropdown
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
осы қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
"Астана қаласы" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-29-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"21-29 "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы ААҚ";
Toggle Dropdown
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-17-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"224-17 "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы ААҚ";
Toggle Dropdown
4) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі