• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 1062 қаулысы

Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн; 
2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) Қоғам мемлекеттік тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетіне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берсін; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2002 жылғы 27 қыркүйектегi
 N 1062 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (27.09.2002 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестері республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде: 
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-30-жолмен толықтырылсын: 
"21-30 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ". 
3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-14-жолмен толықтырылсын: 
"160-14 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ". 
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
6. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат): 
1) 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Эйр Қазақстан" деген сөздерден кейiн "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздермен толықтырылсын; 
2) 2-тармақтағы "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздер алынып тасталсын. 
7. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 маусымдағы N 611 қаулысына: 
3-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
4-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
7-тармақтың үшінші абзацында "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынмен" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын.