1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
Отправить по почте
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1164 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережеде:
14-тармақта:
алтыншы және жиырма екiншi абзацтарда "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң" деген сөздер "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бiрiншi абзацында және 21-тармақтың екiншi абзацында "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бесiншi және сегiзiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң республикалық дағдарыс орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;