Bestprofi Logo

Қаулы № 347 от 2000-03-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 2 наурыз N 347

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарауына берсiн.

3. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың Қызылорда бiрiккен дирекциясы" мемлекеттiк кәсiпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жатқызылсын және Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзiлсiн.

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi аталған кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң "Солтүстiк су құрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөнiндегi аумақтық дирекция" мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:

1) республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету коммуникациялар және олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң басқа да салаларында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;

2) табиғат қорғау саласында шаруашылық-өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

осы қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетi" деген бөлiмi мынандай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi";

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-8, 145-9-жолдармен толықтырылсын:

"145-8. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың бiрiккен дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Қызылорда қаласы

Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерiн салу жөнiндегi аумақтық дирекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Көкшетау қаласы";

2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.11.2002. № 1173 қаулысымен. (06.06.2000 жылғы редакцияны қараңыз)

1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 мамырдағы N 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 180-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. N 40, 343-құжат) бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 24-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 347 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ

1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi құзыретiнiң шегiнде су ресурстарын басқару саласында арнайы атқарушылық функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттiң Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары - бассейндiк су шаруашылығы басқармалары бар.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

475000 Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1.

6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.05.2000. № 793 қаулысымен.

7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитеті" мемлекеттiк мекемесi.

8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке заң актiлерімен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание