• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 941 Қаулысы       
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
3) заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін айқындау;
4) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға қатысу деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.