• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 06.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 482       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. 1) "Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курсы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
басшы құрамдардың, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы, елдің азаматтық қорғаныс қызметін жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау; 
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету; 
2) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тыл қызметі және қамтамасыз ету" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
әскери инженерлік және арнаулы техникаларды, запас бөлшектерді, оларға арналған жиынтық элементтермен приборларды әзірлеу, жөндеу және сату; 
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі жүйесіндегі үй-жайларға белгіленген заң тәртібімен қызмет көрсету; 
3) "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
өрттің шығу себебін зерттеу; 
өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыс жүргізу; 
4) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Өрт сөндіруші" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын: 
өрттің алдын алуға және жоюға қатысу.
2. Қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру: 
1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, атом-энергетика кешенінің кәсіпорындарында жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық инспекция" мемлекеттік кәсіпорны "Атом-энергетика кешенінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекеме болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органы ретінде қайта ұйымдастырылсын, оның қызметі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарын қаржыландыруға бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады. 
Мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттері: 
Атом-энергетика кешенінің объектілігінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру; 
авариялар мен оқиғалардың себептерін тексеру, атом-энергетика кешенінің объектілерінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 
2) Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөнiндегi орталық республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып құрылсын.