Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N 482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 мамыр N 537
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 482 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2-тармақтың 2) тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы "Есептеутехникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздер "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртіншi абзацтағы "агенттiгiнің ақпараттық-есептеу техникаларын монтаждау және жүйелi-техникалық қызмет көрсету" деген сөздер "агенттiгiнiң ақпараттық-есептеу техникаларын заңдарда белгiленген тәртiппен монтаждау және жүйелi-техникалық қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі