Осы редакция 14.02.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 487.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген сұраныстарын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі " Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын:
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген орган, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен есебін жүргізу және оның деректерінің базасын қалыптастыру болып белгіленсін.