• Мое избранное
Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1154

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.05.2017 жылғы № 286 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар: 
1) "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып; 
2) "Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып; 
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 25.05.2009. № 772 Қаулысымен). (28.07.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4) "Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлу жолымен, бөлiнген мүлiктi оларға берiп, "Түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" және "Қара металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып; 
5) "Каспий мұнай-газ" Каспий мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және мұнай-газ өнеркәсiбiнiң жобалау институты" оның мүлкiн бөлу және "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ геологиясындағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.05.2009. № 772 Қаулысымен. (28.07.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы: 
- ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызмет жүргiзу; 
- ведомстволық бағыныстылығына және олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдармен бiрлесiп, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды, сондай-ақ техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындау қаупi жоғары жұмыстарды жүргiзу мәселелерi бойынша қорытындылар әзiрлеуге қатысу. 
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн; 
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (25.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi күшiн жойды деп танылсын. 
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
                              Қазақстан Республикасы 
                                   Үкіметінің 
                               2000 жылғы 28 шілдедегі 
                                    N 1154 қаулысына                                                      қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мұнай өнеркәсібі қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазмұнайҒЗЖИ) Атырау филиалы жанынан техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 14 сәуіріндегі N 298  қаулысы" (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 12, 154-құжат). 
2. "Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне арналған техника қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 9 қарашадағы N 1238  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 45, 488-құжат). 
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күшін жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).