Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 13 шілде N 772
Toggle Dropdown
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою әрi өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты", "Химия, мұнай-химиясы, мұнай өңдеу микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы", "Түстi металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Қара металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi қауiптi өнеркәсiп объектiлерiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
Toggle Dropdown
3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі белгiленсiн.
Toggle Dropdown
4. Қосымшаға сәйкес Кәсiпорынға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Toggle Dropdown
2002 жылғы 13 шiлдедегi
Toggle Dropdown
N 772 қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының
ТIЗБЕСI
Toggle Dropdown
1. Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты Қарағанды қаласы
Toggle Dropdown
2. Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Шымкент қаласы
Toggle Dropdown
3. Түсті металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Өскемен қаласы
Toggle Dropdown
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5. Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Атырау қаласы