Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамды құруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң рұқсатын алуды;
2) Қоғамның жарғылық капиталын 2003 жылғы республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қалыптастыруды;
3) Қоғамның Жарғысын бекiтудi және оның әділет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.