1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 27.08.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 Қаулысы
Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748 қаулысымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысымен бекiтiлген
Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестіктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң) (бұдан әрi - кәсiпорындар) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбi мен қағидаттарын айқындайды және 2006-2008 жылдарға арналған жоспарларды әзiрлеуден бастап, орта мерзiмдi жоспарлау мақсаттары үшiн қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереженiң мақсаты инвестициялық шешiмдердi, оның iшiнде осы процесті тәртiпке келтiру кезiнде кәсiпорындарды мемлекеттік басқарудың (басқаруға қатысудың) тиiмдiлiгін арттыру болып табылады.
3. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары қабылданған стратегиялық жоспарларды, мемлекеттiк, салалық өңiрлiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған және мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясатқа сай келуi тиiс.
4. Инвестициялық бағдарлама кәсiпорынның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының, шаруашылық қызмет жоспарының) тиiсті бөлiмi болып табылады. Инвестициялық бағдарлама үш бөлiмшеден тұрады - "Инвестициялық ахуалды бағалау", "Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар" және "Инвестициялық жоспар".
5. Инвестициялық ахуалды бағалау осы саладағы (аядағы) ахуалды талдауды, кәсiпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыруға негiзделетiн кәсiпорынның ондағы рөлi мен ұстанымын көздейдi.
Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi үш деңгейлi талдау негiзiнде қалыптастырылады, олар:
республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) саласындағы (аясындағы) инвестициялық ахуалды талдау - 1-деңгей;
кәсiпорын қызметінiң мүддесiне, ерекшелігіне, мақсаттары мен мiндеттерiне қолданылатын 1-деңгей нәтижелерiн талдау - 2-деңгей;
инвестиция түрлерiн, инвестициялық ниет жобаларының құнын, қол жетiмдi жобалар спектрiн, инвестициялауға болатын болжалды қаржыландыру көздерiн, инвестициялық ниеттердi iске асыру болжамы мен сипаттамасын, сондай-ақ жоспарланып отырған инвестициялық шешiмдердi қабылдауға байланысты тәуекелдi айқындауды қамтитын кәсiпорынның әлеуеттi мүмкiндiгiне қолданылатын 2-деңгейдiң нәтижелерiн талдау.
Әрбiр деңгей бойынша талдау нәтижелерi дәл белгiленген әрi нақты тұжырымдар түрiнде түйiнделедi.
6. Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар мазмұны жағынан инвестициялық ниеттердiң инвестициялық жобаларын кейiннен келесi жылы инвестициялық жоспарға қосу үшiн оларды одан әрi жан-жақты, егжей-тегжейлi зерделеудiң және негіздеудiң орындылығын алдын ала қағидатты түрде бағалау кезеңiн бiлдiредi.
Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi инвестициялық ахуалды бағалаудың нәтижелерi негізiнде әзiрленедi және кәсiпорынның инвестициялық саясатының негiзгі басымдықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ кәсiпорынның инвестициялық ниеттерiн көрсететiн белгiленген инвестициялық жобалар кешенiн қамтиды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |