• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 20.09.2006 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 Қаулысы
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) орындаудың желілік кестесі (бұдан әрі - Желілік кесте) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары Желілік кестенің мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) бір апта мерзімде органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының Жалпыұлттық жоспарды және Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне: 
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Желілік кесте іс-шараларының орындалу барысы туралы; 
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне одан әрі есеп беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Желілік кесте іс-шараларының орындалу барысы туралы; 
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
6. Мыналар: 
1) ай сайын, айдың соңғы сәрсенбісінде Желілік кестенің және Бағдарламаның орындалу мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде өтетін кеңестерде қаралады; 
2) ай сайын, айдың әрбір екінші сәрсенбісінде Желілік кестенің және Бағдарламаның орындалу мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерде қаралады; 
3) Желілік кестенің және Бағдарламаның орындалу мәселелері тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде қаралады; 
4) орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінде немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысында кеңестер өтетін аптаның әрбір дүйсенбісінде сағат 10-ға дейін Желілік кестенің және Бағдарламаның орындалу барысы туралы ағымдағы және кейінгі айдың ақпаратын ұсынады;