• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 және 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 және 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 672 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында: 
реттік нөмірі 12-жолда 6-бағандағы "шілде" деген сөз "қыркүйек" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 190-жолда: 
2-бағандағы "маусым" деген сөз "қыркүйек" деген сөзбен ауыстырылсын; 
3-бағандағы "маусым" деген сөз "қыркүйек" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі