• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 18.02.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 89 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 2 ақпандағы
 N 89 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында: 
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі" деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: 
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 79  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 38-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008-2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: 
реттік нөмірі 3-жолда: