• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2009 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 89 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (18.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 2 ақпандағы
 N 89 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында: 
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетігі" деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: 
реттік нөмірі 1.14-жолдың 2-бағанында "Мемлекеттік активтерді басқару туралы" деген сөздер "Мемлекеттік активтер туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(02.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(Күші жойылды ҚР Үкіметінің 18.02.2009. № 185 Қаулысымен)
4. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанында: 
"2008 жылғы ақпан" деген сөздер "2008 жылғы сәуір" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"2008 жылғы сәуір" деген сөздер "2009 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 49-жолдың 3-бағанында: 
"2008 жылғы қазан" деген сөздер "2009 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"2008 жылғы желтоқсан" деген сөздер "2009 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын; 
реттік нөмірі 240-жолдың 3-бағанында "2008 жылғы қаңтар" деген сөздер "2008 жылғы ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 
"3-шара. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы" деген 3.5.3-кіші бөлімнің алтыншы және сегізінші абзацтарындағы "Өңірлік" деген сөз алынып тасталсын.