Осы редакция 19.09.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 117 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 16 ақпандағы
N 117 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 34, 343-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: