• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 29.08.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің  159-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1339 қаулысымен
 бекітілген
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі
1. Осы Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындаудың және төлеудің тәртібі мен оның мөлшерін айқындайды.
3. Жәрдемақы заңнамада көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін тағайындалады және төленеді.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде - телнұсқа жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.
5. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
6. Айлық жәрдемақының мөлшері осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.