• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 03.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1339 қаулысымен
 бекітілген
Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі
1. Осы Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже жұмыс берушінің қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындаудың және төлеудің тәртібі мен оның мөлшерін айқындайды.
3. Жәрдемақы заңнамада көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін тағайындалады және төленеді.
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде - телнұсқа жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.
5. Жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
6. Айлық жәрдемақының мөлшері осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.08.2008 № 793 Қаулысымен (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)