Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 793 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 618-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде:
6-тармақтағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов