• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 1028 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1103 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 618-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде: 
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                             К. Мәсімов