• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 28 сәуір N 581
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге: 
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай мазмұндағы 54) тармақшамен толықтырылсын: 
"54) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызмет 10"; 
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағаны "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, банкроттықтың алдын алу, дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1029 қаулысының  4-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 261-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2001 жылғы 28 сәуiрдегi
 N 581 қаулысымен
 бекітiлген
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi
1. Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметті лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының "Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) болып табылады.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2002. № 11268 қаулысымен. (28.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Лицензия алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiледi.
4. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия басты болып табылады. 
Лицензия иелiктен айырылмайтын, яғни, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен өзгеше көзделмесе, лицензиатпен басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейтiн болып табылады.
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
6. Өтінiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады: