Bestprofi Logo

Қаулы № 308 от 2006-04-21г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 581 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2007 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегi N 581 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 308 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегi N 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 204-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:

3-тармақта "және заңды" деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақтың екiншi абзацында "жеке немесе заңды" деген сөздер алынып тасталсын;

"6. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:

2) жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

3) банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлегенiн растайтын құжат;

4) өтiнiш берушiнiң қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар:

жоғары заң және экономикалық бiлiмi туралы дипломдарының не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн дайындықтан өткенiн растайтын бiлiм беру ұйымы берген құжаттың көшiрмелерi;

жұмыс өтiлiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi.";

7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"1) жоғары заң және экономикалық бiлiмiнiң болуы не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекiтiлген ережеге сай сырттан қадағалау әкiмшiсi, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретiнде одан әрi жұмыс iстеу үшiн бiлiм беру ұйымдарында дайындықтан өтуi;

2) экономикалық, қаржы, есеп-талдамалы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.";

9-тармақта "бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;

14-тармақта ", заңды тұлға қайта ұйымдастырылса немесе таратылса" деген сөздер алынып тасталсын;

16-тармақтың екiншi абзацында "лицензиядағы" деген сөз "осы лицензияланатын қызмет түрi үшiн қойылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының" деген сөздер "Лицензияның" деген сөзбен ауыстырылсын;

23-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание