• Мое избранное
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 216 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4430 болып енгізілді.

Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге мәлімет үшін жіберсін. 
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
 және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (01.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
(депозиттерге міндетті кепілдік
беруді жүзеге асыратын
ұйымның атауы)
Күні 20__ жылғы «____»__________
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының қосылуы туралы өтініш
Екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (бұдан әрі – Банк) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының толық атауы) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ іс-әрекет жасайтын _________________________________________________________, (жарғы, бұйрық, сенімхат немесе басқа құжат) __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ арқылы, (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банктің қосылу шартына қосылады. Банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген, депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоса алғанда, банктік операцияларды жүргізуге арналған 20 _ жылғы «__»______ № ___ лицензияны 20 _ жылғы «__»______ алды. Банк «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және қосылу шартында көзделген қатысушы банктің міндеттемелерін қабылдайды. Банк деректемелері: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес заңды тұлғаның атауы/филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының атауы) _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама/филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берілген күн _____________________________________________________________________________ (заңды мекенжайы) _____________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттың нөмірі) ____________________________________________________________________ (банктік сәйкестендіру коды) Бірінші басшы __________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) _______________ (қолы)