Toggle Dropdown
2
Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 176 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5770 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Редакция 27.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-2-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілетін Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Агенттік Басқармасының "Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5466 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің N 4 жинағында, 2009 жылғы 13 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 23 (1446) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Toggle Dropdown
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-ға мәлімет үшін жіберсін.
Toggle Dropdown
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 5
тамыздағы N 176 қаулысымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі
Toggle Dropdown
Осы Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімінің заңдық күшіне енуіне дейін банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің (бұдан әрі - банк) активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - операция).
Toggle Dropdown
1. Банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру операциясы (бұдан әрі – операция) банк депозиторларының және мүдделерін қорғау мақсатында өткізіледі.
Toggle Dropdown
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) әлеуетті сатып алушы банк – банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шартты банкпен жасасу мақсатында операцияға қатысу ұсынысын қабылдаған екінші деңгейдегі банк;
Toggle Dropdown
2) сатып алушы банк – банктің активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерін бір бөлігін немесе толық мөлшерде бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан екінші деңгейдегі банк;
Toggle Dropdown
3) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) – мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және банктің басқаруын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті органмен тағайындалған орган;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
3. Операцияны банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімші) (бұдан әрі – уақытша әкімшілік) уәкілетті органның келісуі бойынша соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізеді.
Toggle Dropdown
Банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің бір бөлігі немесе толық мөлшерде бір мезгілде бір банкке де және бірнеше екінші деңгейдегі банкке де беруге жол беріледі.
Toggle Dropdown
Операцияны жүзеге асыру шарттарының бірі берілетін активтердің берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттеріне жүз елу пайыздық ара қатынасынан аспауы болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Уақытша әкімшілік операцияны жүргізу туралы шешімді банктің лицензиясынан айырылу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін мынадай ақпаратты бере отырып, уәкілетті органға өтініш жасайды:
Toggle Dropdown
1) банктің тапсырылатын міндеттемелерінің мөлшері және активтерінің баланстық (бар болса – бағалау) құны, міндеттемелерін, банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқығын, сондай-ақ банктің меншік құқығын растайтын құжаттамаларын көрсете отырып, олардың сипаттамаларын;
Toggle Dropdown
2) банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарттың жобасын.
Toggle Dropdown
4-1. Активтер мен міндеттемелерді беру бойынша операциялар жүргізу кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері қосылады:
Toggle Dropdown
1) жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар, дебиторлық берешек және қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) акциялар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;
Toggle Dropdown
3) өзге де бағалы қағаздар;
Toggle Dropdown
5) жылжымалы және жылжымайтын мүлік құқығы;
Toggle Dropdown
6) лицензиялық құқықтар;
Toggle Dropdown
7) өзге де жылжымалы мүлік;
Toggle Dropdown
8) жылжымайтын мүлік;
Toggle Dropdown
9) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;
Toggle Dropdown
10) банк шотының шарттары, қазынашылық операциялар, РЕПО операциялары бойынша, валютаны және тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату жөніндегі банкаралық мәмілелер бойынша, туынды қаржы құралдары бойынша, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер;
Toggle Dropdown
11) өткізу актісінде аударылатын өзге міндеттемелер мен активтер.
Toggle Dropdown
1
5. Уәкілетті орган қажет болғанда уақытша әкімшіліктен операция жүргізуге байланысты бар құжаттарды сұратады.
Toggle Dropdown
6. Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уақытша әкімшіліктің операцияны жүргізуіне келіседі не келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті органмен операция келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерінің алдағы берілетіндігі туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Toggle Dropdown
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. Уақытша әкімшілік Ереженің 11-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге бес жұмыс күнінен аспайтын қарау және жауап беру мерзімімен, "Қатаң конфиденциалды" белгісі қойылған операция жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хатты жібереді. Хатта банктің активтері мен міндеттемелерінің беруге болжамдалған көлемі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Екінші деңгейдегі банктер берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша құжаттарды алған кезде әлеуетті сатып алушы банктер банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде қабылдау мүмкіндігін қарастыруға байланысты алған ақпараттың құпиялылығын сақтау және жария етпеуі туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды.
Toggle Dropdown
Әлеуетті сатып алушы банктің сұратуы бойынша уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қосымша ақпаратты ұсынады.
Toggle Dropdown
11. Сатып алушы банк мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Toggle Dropdown
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;
Toggle Dropdown
уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік заемдық операцияларды жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге берілген лицензиясының иегері;
Toggle Dropdown
алдағы жүзеге асырылатын операцияны ескере отырып, соңғы есепті күніне пруденциалдық нормативтерді және Банктер туралы Заңының 61-3-бабының 7-тармағының талаптарын орындайды;
Toggle Dropdown
уәкілетті орган қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болмауы;
Toggle Dropdown
банктің депозиторларына қызмет көрсету үшін филиалдарының болуы.
Toggle Dropdown
12. Уақытша әкімшілік сатып алушы банктің таңдауын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Бір өтінім болған кезде сатып алушы банк болып өтініш беруші банк танылады.
Toggle Dropdown
Екі және одан көп өтінім болған кезде сатып алушы банк болып депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған өтініш беруші банк танылады.
Toggle Dropdown
Депозиттер бойынша міндеттемелер мен активтер арасындағы барынша төмен пайыздық ара қатынасын ұсынған екі және одан көп өтініш беруші банк болған жағдайда уақытша әкімшілік соңғы есеп беру күніне активтерінің мөлшері ең үлкен өтініш беруші банкті таңдайды.
Toggle Dropdown
Егер өтініш беруші банк депозиттердің бір бөлігін ғана қабылдауға мүмкіндігінің болуы туралы хабарласа, уақытша әкімшілік, соңғы есеп беру күніне азаю ретімен активтер мөлшерінің шамасына қарай, таңдалған өтініш беруші банктен кейін келетін өтініш беруші банктердің арасынан таңдайды.
Toggle Dropdown
Екі және одан көп таңдалған өтініш беруші банк болған кезде банктің берілетін активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері олардың арасында таңдалған өтініш беруші банктер қабылдауға көздеген жеке және (немесе) заңды тұлғалар депозиттерінің көлеміне қарай пайыздық арақатынасы бойынша бөлінеді. Бұл ретте, банктің берілетін активтерінің тізбесі әрбір таңдалған өтініш беруші банк үшін шамасы банктің өтімді және өтімді емес активтері бойынша жеке есептелетін көрсетілген пайыздық арақатынасын ескере отырып қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның әлеуетті сатып алушы банкке операцияны жүргізу үшін заем беру немесе онда депозиттерді орналастыру туралы шешімі болған жағдайда әлеуетті сатып алушы банк ол туралы өтінімінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
13. Егер берілетін активтер берілетін жеке және заңды тұлғалардың депозиттерінен аспаған жағдайда берілетін депозиттердің тізіміне енгізуі мынадай басымдылықта жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың депозиттері енгізіледі;
Toggle Dropdown
2) екінші кезекте заңды тұлғалардың депозиттері енгізіледі;
Toggle Dropdown
14. Дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны баланстық және баланстан тыс есепте тұрған берешек сомасы ретінде анықталады.
Toggle Dropdown
Операцияны жүзеге асырған кезде банк активтерінің құны мен міндеттемелерінің мөлшері уақытша әкімшілік пен сатып алушы банкпен (банктермен) келісілген беру күніне есептеледі.
Toggle Dropdown
15. Қажет болған жағдайда банктің берілетін активтерінің тәуелсіз бағалауы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Тәуелсіз бағалаушыны таңдау әлеуетті сатып алушы банктің келісуі бойынша уақытша әкімшілікпен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бағалаушының қызметіне ақы төлеу банктің және әлеуетті сатып алушы банктің (банктердің) тең мөлшердегі қаражаты есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
16. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде сатып алушы банкке (банктерге) беру өткізу актісімен қоса, уақытша әкімшілік пен сатып алушы банктің (банктердің) арасында екі данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған шарттың (шарттардың) негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
17. Өткізу актісін ресімдеу кезінде операцияны жүзеге асырған күні онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі;
Toggle Dropdown
2) қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;
Toggle Dropdown
3) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы көрсетілген депозиттер тізбесі;
Toggle Dropdown
4) клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары).
Toggle Dropdown
18. 15-тармақта көзделген шығыстарды қоспағанда, операцияны жүргізуге байланысты шығыстар сатып алушы банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
19. Уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан күнінен және өткізу актісіне қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жібереді.
Toggle Dropdown
20. Уақытша әкімшілік сатып алушы банкпен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға баспасөз-релизін ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Банктің уақытша әкімшілігі жүргізген операция жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Toggle Dropdown
22. Операция жүргізілгеннен кейін банктің уақытша әкімшілігі алушы банкпен (банктермен) жасалған шарттың көшірмесін және өткізу актісін уәкілетті органға ұсынады.