• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3924

#$Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Осы редакция 28.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi өзiнiң күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн, Нұсқаулықтың 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетiн 3-тармақтың бiрiншi абзацының үшiншi деңгейдегi капиталдың меншiктi капиталға қосылу бөлiгiнен, 13, 14-тармақтардың бесiншi және алтыншы абзацтарынан, 16-тармақтың жетiншi, сегiзiншi абзацтарынан, 17-31-тармақтардан, 32-тармақтың 11) тармақшасынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының 43 және 44 жолдарынан, Нұсқаулықтың 1 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң 5 және 7 тармақтарынан, Нұсқаулықтың 2 қосымшасының Түсiндiрмесiнiң екiншi абзацының 5 және 7 тармақтарынан басқасы қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев E.C.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екiншi деңгейдегi банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттiгi Басқармасының
 2005 жылғы 30 қыркүйектегi
 N 358 қаулысының 1-қосымшасы
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық
 нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк
 мәнi мен әдiстемесi туралы
 нұсқаулық
Осы нұсқаулық екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банктер) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесiн белгiлейдi.
1-тарау. Банктiң жарғылық капиталының
 барынша төмен мөлшерi
1. Банктiң жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерiн қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның Басқармасы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкiлеттi орган белгiлеген кез-келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкiн.
2-тарау. Меншiктi капиталдың 
 жеткiлiктiлiк коэффициентi 
3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi жабуға арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
«Банктiң заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестерiне) салымдары, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышы және жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын, заңды тұлғалардың меншікті капиталына өзге де салымдар, сондай-ақ акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне) салымдар, реттелген борыш және банктің бас ұйымының, банктің еншілес ұйымдарының және банк капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың меншікті капиталына өзге де салымдар банктің инвестициялары болып табылады.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел мөлшерін жабуға арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі былай есептеледі:
1) активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері анықталады;
2) капитал жеткіліктілігі нормативтерін, меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды енгізу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшері осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген тәуекелдер мөлшерін осы Нұсқаулықтың 16-тармағында анықталған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейту арқылы анықталады;
3) бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың іс жүзіндегі мөлшері мен осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген бірінші деңгейдегі капиталдың барынша төменгі мөлшерінің айырмасы ретінде анықталады.
Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел мөлшерінің осы Нұсқаулықтың 16-тармағында белгіленген меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін нарықтық тәуекелді жабуға қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспауы тиіс.
Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard & Poor, s агенттігінің рейтингттік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
3) Азиялық даму банкі (the Asian Development Bank);
4) Африкалық даму банкі (the African Development Bank);
5) Еуропалық қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
6) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
7) Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
8) Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
9) Скандинавиялық инвестициялық банк (the Nordic Investment Bank);
10) Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
11) Еуразиялық даму банкі (Eurasian Development Bank).
12) Халықаралық валюта қоры;
13) Халықаралық даму қауымдастығы;
14) Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
15) Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 30.11.2009 № 247
 өзгертілді - 03 (05.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(2009 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс).09.2010 № 126 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3-1. Меншікті капиталды есептеу кезінде банктің инвестициялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін заңды тұлғаның реттелген борышына банктің жиынтық мөлшері бірінші деңгейдегі капиталдың және екінші деңгейдегі капиталдың сомасынан он пайыз асатын салымдарын білдіреді.
3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.09.2011 № 117 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. Бiрiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:
сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғылық капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
нәтижесiнде бiр тұлғада пайда болған қаржы активi және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрi – осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетiлген мерзiмсiз қаржы құралдары) барлық мiндеттемелерiн шегергеннен кейiнгi заңды тұлғаның активтер үлесiне құқығын растайтын қаржылық мiндеттеме немесе өзге қаржы құралы бiрмезгiлде пайда болатын мерзiмсiз шарттар;