1. Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 16.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4602 болып енгізілді.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына 1 қосымша
Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі
Осы Ереже 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):
заем мерзімі бес және одан астам жылдар;
заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес - жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;
материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес - жоспарына сәйкес беріледі;
2) кредит - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-ақ вексельдердің есебін жүргізуді жүзеге асыру шеңберінде заемшыға берген мүлік;
3) кредит беру туралы шарт - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын жүзеге асыру шеңберінде тиісінше кредит беру шарты;
4) кредит бойынша сыйақы - берілген кредиттің негізгі кредит сомасына қатысына қарай банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшерінен есептеп шығарылған, процентпен көрсетіліп белгіленген ақысы;
5) кредиттік желі - банктің қарыз алушыға кредит алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптар негізінде, бірақ кредиттеудің мұндай формасы үшін банктің ішкі кредиттік саясатымен және шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде заемшыны кредиттеу міндеттемесі;
6) кредитті өтеу - кредиттің және сол бойынша сыйақы мөлшерлемесі сомасының қайтарылуы;
7) кредит сомасы - банктің кредитке берген ақша сомасы;
8) кредиттік скоринг - заемшыны жеке тұлғаның кредит алу қабілетін сапалық және сандық сипатқа негізделген математикалық немесе статистикалық моделдің көмегімен, не оның ішінде заемшының тұрақты және жеткілікті кірісін, жұмыс орнының және қызметін, ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығын, кепіл түріндегі қолайлы жылжымайтын мүлікті, оның ішінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе басқа банктер алдындағы несиелік берешекті, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың немесе банктердің кредиттері бойынша кредит беру жөніндегі төлем тәртібін, кредиттік тарихты қосқандағы бағалау жүйесі;
9) кредиттің шарттары - кредит беру шарттары, бұған сыйақының мөлшері, қарыз алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету туралы шарттар, кредитті өтеу мерзімі, сондай-ақ осыларға сәйкес әрбір жеке кредит бойынша тәуекелді төмендетуге бағытталған айрықша шарттар жатады;
10) тұтынушы кредиті - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғаларға тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алуға берілген кредит;
11) уәкілетті орган - қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Банк кредит беруді өзінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерге және заем операцияларын өткізудің жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Банктің талап ету құқығы болған немесе құқығы бар әрбір кредит бойынша құжаттаманың есебі кредиттің түріне, заемшының санатына, талап ету құқын иелену әдісіне қарамай осы Ережелерге сәйкес жүргізіледі.
3. Кредит беру шартында міндетті түрде мыналар болуға тиіс:
1) кредиттің мақсаты, заемшы берген тиісті бизнес-жоспарға немесе заемның технико-экономикалық негіздемесіне және/немесе заемшының өтінішіне сәйкес;
2) берілетін кредиттің жалпы сомасы;
3) кредиттің валютасы;
4) кредитті өтеу мерзімі және ол бойынша сыйақы;
5) кредитті өтеу әдісі;
6) қамтамасыз ету (түрі, сомасы), қамтамасыз етусіз берілген кредиттерді қоспағанда;
7) сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері;
8) заемшы - заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдері;
9) міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
10) заемшының ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беру келісімінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуы туралы нұсқау.
4. Банкпен шарттың үлгі нысанын пайдаланбай жасалатын кредит беру, заемшының міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуі, кредит беру бойынша борышты талап етуді немесе аударуды басқаға беру жөніндегі банктің уәкілетті органы оның ішкі кредит саясатына сәйкес не осы үлгі нысанның өзгеруіне сәйкес бекіткен шартқа банктің заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда банктің заң қызметкері) оның Қазақстан Республикасының заңдар актілерінің талаптарына сәйкестігін растау мақсатымен қол қояды.
Кредит беру шарттарының өзгеруі (қайта құрылуы) кредит беру туралы шартына, кепіл шартына, кредит беру шарты бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты басқа шарттарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес қол қою жолымен жазбаша ресімделуге тиіс. Бұл өзгерістерге банктің заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - банктің заң қызметкері) қол қояды.
2-тарау. Берілген кредит бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
5. Берілген әрбір кредит бойынша банкте кредит досьесі арналуға тиіс, ол кредит беру туралы шартына қол қойылған немесе оны бекіткен күні ашылып, осы Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданылуы тоқтатылған сәтте ғана жабылады.
6. Банк өзінің ішкі құжаттары талаптарына сәйкес кредиттер беру туралы шарттардың, кепіл шарттардың, оларға қосымша келісімдердің, кепілге берген мүлікке кепіл берушінің меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың сақталуын, сақтау шарттарын және түпнұсқаларын пайдалануын қамтамасыз етеді.
Кредит досьелерін жүргізу, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын қамтамасыз ету банктің жауапты қызметкеріне жүктеледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |