Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 91 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 02 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5688 болып енгізілді
Toggle Dropdown
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 25 сәуірде 2007 жылғы "Заң газеті" газетінде N 62 (1091) жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 209 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4901 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5369 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 22 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5611 тіркелген, 17 сәуірде 2009 жылғы "Заң газеті" газетінде N 57 (1480) жарияланған) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
Toggle Dropdown
кіріспені:
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"екінші деңгейдегі банктер" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ислам банктері" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"1-4) ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде, осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;";
Toggle Dropdown
2) тармақшасы "форфейтинг операцияларын," деген сөздерден кейін "осы Заңның 52-5-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларын ислам банктерінің жүзеге асыруы" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"3) кредит беру туралы шарт - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, есебін жүргізу операцияларын жүзеге асыру шеңберінде кредит беру шарты, сондай-ақ ислам банкінің:
Toggle Dropdown
банктік заем операцияларын: мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және процент түрінде сыйақы төлеусіз ақшалай нысандағы кредиттер беруді;
Toggle Dropdown
коммерциялық кредитті беріп, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруды;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруды;
Toggle Dropdown
лизинг (жалға алу) талаптарымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде жасаған шарты;" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
4) тармақшасы "белгіленген" деген сөзден кейін "не ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі тауардың үстеме бағасы түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
6) тармақшасы "мөлшерлемесі" деген сөзден кейін "(ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның мөлшері)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"2-1. Ислам банкі кредит беруді ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге және ислам банкінің операцияларды жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Ислам банкі кредиттеу жөніндегі құжаттаманы осы Заңда көзделген банк қызметін өздерінің жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге сәйкес жүргізеді.";
Toggle Dropdown
3-тармақ:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"7-1) ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағаның түрі: тіркелген немесе тауарды сатып алу бағасынан алынатын проценттік көріністе;";
Toggle Dropdown
он төртінші абзац "екі парағында" деген сөздерден кейін "(немесе шарт бір бетті екі бағанға бөле отырып, бір уақытта екі тілде ресімделсе, онда алғашқы төрт парағында)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"3-2. Ислам банкінің кредит беру туралы шарты осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптардан бөлек, осы Заңның 52-8, 52-9, 52-10-баптарында көрсетілген талаптарды да құрайды.";
Toggle Dropdown
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Кредит беру талаптарының өзгеруі (қайта құрылымдау) кредит беру туралы шартқа, кепіл шартына, және кредит беру шарты бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шарттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес қол қою жолымен жазбаша ресімделеді. Осы өзгертулерге банктің заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда банктің заңгері) қол қояды.";
Toggle Dropdown
8-тармақта:
Toggle Dropdown
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"4) құрылтай құжаттарының немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) бес және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылар тізілімінің нотариатта куәландырылған көшірмелері;";
Toggle Dropdown
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"17) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның еңбекақысын және (немесе) өзге де кірістерін көрсететін және растайтын құжаттар. Жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын заңды тұлғаның кепілі (кепілдемесі) бойынша жүзеге асырылатын білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;";
Toggle Dropdown
19) тармақшада ", сондай-ақ кредитті жіктеу бойынша берілген балдар туралы мәліметтер (бірегей кредиттерді қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"21) жинақтаушы зейнетақы қорының заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын заңды тұлғаның кепілі (кепілдемесі) бойынша жүзеге асырылатын білім беруді кредиттеу жүйесінің аясында берілген кредиттер бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) көзделген банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттер бойынша мақсатты қолданылуын растау талап етілмейді.";
Toggle Dropdown
9-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"1) кредитті пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсынылатын өзге де қамтамасыз етуі көрсетілген, заемшы қол қойған және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген өтініші;";
Toggle Dropdown
2) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшірмелері;";
Toggle Dropdown
оныншы абзац алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
13-тармақта "заемшының" деген сөз "заемшының - заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"13-1. Егер кредит жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын жылжымайтын мүлікті жетілдірулер (жөндеу) жүзеге асырылғанға дейін және жүзеге асырылғаннан кейін банктің объектілерді қарауының банк дайындаған актісі қоса беріледі. Егер кредит құрылыс және жылжымайтын мүлікті қайта жаңарту саласында заемшының - жеке тұлғаның қолдануы үшін берілсе, кредиттік досьеге жоспарланған жұмыстар бойынша жобалы-сметалық құжаттама және (немесе) жобалы-сметалық құжаттама негізінде жасалған, сметалық құнды көрсете отырып жоспарланған жұмыстардың негізгі параметрлері бар құжаттар және банк дайындаған тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген жұмыстардың орындалу көлемін растайтын заемшының объектілерін қабылдау-өткізу актісі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілген тиісті рұқсат қоса беріледі.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2 тармақтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"14-1. Ислам банкінің сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыруға берген коммерциялық кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
Toggle Dropdown
сатып алушының офертасы - тауарды сатып алушының коммерциялық кредит туралы шартты жасау жөніндегі ұсынысы;
Toggle Dropdown
ислам банкінің тауарды сатушымен жасаған сатып алу-сату шарты;
Toggle Dropdown
ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартты жасауына акцепт;
Toggle Dropdown
коммерциялық кредит туралы шарттың осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға (осы Заңның 52-8-бабының 9-тармағында көзделген жағдайда) сәйкес келуі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы.
Toggle Dropdown
14-2. Ислам банкінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талаптарымен өндіріс және сауда қызметін қаржыландыруға берілген кредиттері бойынша кредиттік досьеге Ереженің осы тарауда көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар болуы тиіс:
Toggle Dropdown
серіктестік туралы шартты жасау мүмкіндігі туралы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысы;
Toggle Dropdown
нотариат куәландырған құрылтай құжаттардың және заңды тұлғаны құруға бағытталған серіктестік шартына негізделе құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмелері.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"23-1. Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша банк кепілдік, кепілдеме немесе аккредитив берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізілетін, осы Ереженің 8-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 11), 14), 16), 18) және 22) тармақшаларында және 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшірмелерін) қоса беріп, досьені қалыптастырады.";
Toggle Dropdown
24-тармақтың бірінші абзацы "досьеде" деген сөзден кейін "өтелген кепілдіктерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
25-тармақта:
Toggle Dropdown
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"4) уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібіне сәйкес банктің басқару органы бекіткен осы әдістемемен белгіленген, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес мерзімде ұсынылатын тиісті коэффициенттер жиынтығы негізіндегі негізгі көрсеткіштер есебі бойынша, заемшының, кепілдік иесінің (кепілдеме иесінің) қаржылық жай-күйіне баға берген банк қорытындысы.
Toggle Dropdown
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңында белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолданатын заемшы - шағын кәсіпкерлік субъектілері бойынша банк оның қаржылық жай-күйіне кемінде жылына бір рет айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда, берілген кредиттердің мақсатты қолданылуын қоса тексеретін мониторинг жүргізеді.
Toggle Dropdown
Кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның қаржылық жай-күйінің мониторингі қызмет ету орны өзгерген кезде, сондай-ақ 30 күннен астам мерзімі өткен борыштары пайда болған сайын жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жүргізілген мониторинг нәтижелері кредиттік досьеге қоса тіркеледі;";
Toggle Dropdown
6) тармақшада:
Toggle Dropdown
"жарты жылда" деген сөздер "кредит берілген кезден бастап әрбір келесі алты айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
"фото және бейне суреттерді" деген сөздер "фото немесе бейне суреттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
7) тармақшаның екінші абзацы "заем ақшасын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бірыңғай кредиттер портфеліне бұрынырақ енгізіліп, кейіннен банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының әдістемесі бойынша уәкілетті органның талаптарына сәйкес бір заемшыға тәуекелді бағалау күніне есептелген, банктің меншікті капиталы шамасының 0,02 пайызынан аспайтын лимитінен асып кетуіне байланысты шығарылған кредиттерін" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"7-1) құрылтай құжаттарына немесе заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иегерлеріне дейінгі заемшының жарғылық капиталындағы жай акцияларының (қатысу үлестерінің) бес және одан астам пайызын иеленетін барлық үлес иегерлері туралы ақпаратты ашатын, заемшының жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін, тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен тігілетін акцияларды ұстаушылар тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелері;";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"25-1. Ислам банкі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қорытындысын кредит досьесіне қоса тіркейді.";
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"27-1. Банктің бухгалтерлік есебіндегі тиісті шоттарында ақша түрінде көрсетілген, ол бойынша жауапкершілігі әлі басталмаған 100 пайыздық қамтамасыз етуі бар кепілдіктер, кепілдемелер мен аккредитивтер бойынша осы Ереженің 9-тармағының 2) тармақшасында және 25-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттама жүргізіледі.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Toggle Dropdown
Төрайым Е. Бахмутова