Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 209 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4901 болып енгізілді.
Кредиттік тәуекелдерді басқару мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4602 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы, 1-тармағындағы "банктердің" деген сөзі алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
атауындағы "банктердің" деген сөзі алынып тасталсын;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы, " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау туралы " 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заем операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың және банктердің (бұдан әрі - Банк) кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін белгілейді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кредит (заем) - банктің заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-ақ вексельдердiң есебiн жүргiзудi (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және банктік заемдық операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар үшін, кредитті банктік заемдық операцияларын жүзеге асыру деп түсіну керек) жүзеге асыру;";
8) тармақшасында "банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе", "банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың немесе" деген сөздері алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) сыйақы ставкаларының мөлшерi уәкілетті орган белгілеген тәртібіне сәйкес оларды шынайы, жылдық, тиімді, салыстыруға болатын есептеуде көрсетумен;";
10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруге және кредиттік бюролардың ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің болуы, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуы туралы нұсқау.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кредитті, кепіл беру туралы шарттардың, оларға қосымша келісімдердің түпнұсқаларына тараптардың қолы қойылып, заемшының - заңды тұлғаның, сондай-ақ банктің мөрімен бекітілуі тиіс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кредиттер бойынша кредиттік досьеде (оның ішінде бланктік), осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кредиттер мен банкаралық кредиттерді қоспағанда мынадай негізгі құжаттары болуға тиіс (төмендегілермен шектелмейді):
1) кредиттi пайдалану мақсаты мен ықтимал кепіл затының сипаты, заемшының банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ұсынылатын басқа қамтамасыз етуі көрсетiлген, заемшының қол қойған өтiнiші;
2) заемшы заңды тұлғаның уәкілетті органының - заңды тұлғаның кредит алуға шешімі;
3) кепіл беруші уәкілетті органының - заңды тұлғаның заемшы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл затын беруге шешімі;
4) заемшының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлға болған жағдайда - өзге ұқсас, осы заңды тұлғаның ірі қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері, мүшелері) арасындағы қатынастарды реттейтін, ол орналасқан жердегі елдің уәкілетті органы (тұлғамен, ұйыммен) растаған құжаттар);
5) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариатта куәландырылған карточка, сондай-ақ банк талаптарына сәйкес расталған заемшы атынан кредиттік және кепіл құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) жасалған кредит беру туралы шарттың түпнұсқасы;
7) заемшының - заңды тұлғаның бизнес-жоспарының немесе кредит беруді техникалық-экономикалық негiздеудің түпнұсқасы;
8) заемшы - заңды тұлғаның салық декларациясының көшiрмесi қоса берiлген соңғы есептi жылдағы қаржылық есебiнің көшірмесі және/немесе банктiң заемшы - заңды тұлғаның қаржы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайтта орналасқан ақпарат;
9) қызмет көрсететін банктің айдың басында және аяғында ақшаның кіріс және шығыс қалдықтары көрсетілген айналымдары туралы, тиісінше Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын заемшының - заңды тұлғаның банктік шоты бойынша соңғы он екі айға анықтама;
10) заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің іске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген банктің қорытындысы;
11) банктiң уәкілетті органының кредиттi мерзiм бойынша және басқа шарттар бойынша берiлуiн мақұлдау жөнiндегi шешiмi;
12) кредиттi пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, айналымдық капиталға берілген кредиттерді қоспағанда;
13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркеуден өткені (қайта тіркелгені) туралы фактіні растайтын тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
14) заңды тұлғаның - резидент еместің мәртебесін куәландыратын заемшының мемлекетінің (заемшы Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда) уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесі;
15) шетел валютасында берілген кредиттер бойынша - қаржылық есептің және/немесе заемшының келіп түсетін түсімдердің валютасын және валюталық тәуекелді хеджирлеу құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін басқа есептілігінің болуы;
16) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырып тексерілген, ол туралы белгісі бар көшірмесі;
17) заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның еңбекақысын және/немесе басқа кірістерін көрсететін құжаттар;
18) заемшының (тең заемшының) салық есебіне қою фактісін растайтын тіркеуші органы берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
19) заемшының (тең заемшының) кредиттік скорингін және кредит қабілеттілігін анықтайтын құжат;
20) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) бойынша кредиттік есеп;
21) жинақтаушы зейнетақы қорының заемшының (тең заемшының) - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі;
22) салық қызметінің органдары берген заемшының - заңды тұлғаның салықтар бойынша және бюджетке міндетті басқа төлемдері бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат.
Борышкердің бизнес-жоспары немесе кредиттің техникалық-экономикалық негіздеуі, немесе заемшының кредит қабілеттілігіне баға беруге мүмкіндік беретін басқа құжаттар, төмендегілермен шектелмей мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
кредитті пайдалану мақсатын көрсетуімен қызметінің сипаты;
заемшының өткізу рыноктары және маркетингтік стратегиясы;
тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;
жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.
Уәкілетті органымен бекітілген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резерв) құру тәртібіне сәйкес бірыңғай кредиттер портфеліне енгізілген заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша досьеде осы тармақтың 1), 4) - 6), 11), 13), 14), 18), 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша - осы тармақтың 1), 6), 11), 16), 18), 20) тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуы міндетті. Аудит міндетті жүргізілетін заемшыға берілген кредиті бойынша кредит досьесіне аудиторлық есеп қоса беріледі.";
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заемшының құрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшiн) нотариатта куәландырылған көшiрмелерi немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен салыстырылып тексерілген ол туралы белгісі бар құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшiн), немесе мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) (дербес кәсіпкерлер үшін) жасалған фактісін растайтын уәкілетті орган белгілеген нысанда берген құжаттың көшірмесі;";
"салық қызметі органы" деген сөздері "тіркеуші органы" деген сөздерімен ауыстырылсын;
"." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
"7) кредиттік бюродан алынған заемшы (тең заемшы) туралы кредиттік есеп;
8) салық қызметінің органдары берген заемшының - заңды тұлғаның соңғы он екі айда салықтар бойынша және бюджетке міндетті басқа төлемдері бойынша берешегі жоқтығын растайтын құжат.";
сегізінші абзацта "айналым капиталына толықтыру үшін берілген кредиттерді" деген сөздері "айналым капиталына арналған кредиттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Егер берілген кредит жылжымайтын мүлік түріндегі кепілмен қамтамасыз етілсе кредиттік досьеде осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесіне қосымша мынандай құжаттар болуы тиіс:
1) жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы шарттың оның мемлекеттік тіркеу белгісі бар түпнұсқасы;
2) банктің ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес кредитті беру сәтінде (оның рыноктық құнын анықтайтын және дәлелдейтін) жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі банк қорытындысы;
3) жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, мемлекеттік тіркеу белгісі бар құжаттардың көшірмелері (жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың түпнұсқалары банк қоймасында сақталуы тиіс);
4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының - жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;
5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс жүзеге асыруға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса);
6) барлық кәмелетке толған меншік иелерінің мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға келісімін растайтын нотариатта куәландырылған құжат.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Ереженің 8, 9-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінен басқа, жылжитын мүлікті кепілге қою нысанындағы заемшының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету талабын ұсынған кредиттер бойынша кредиттік досьеде мыналар болуы тиіс:
1) кепілдік туралы шарттың түпнұсқасы (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда - оның тиісті уәкілетті органда тіркелгендігі туралы белгісі бар);
2) жылжымалы мүлікке құқығын растайтын құжаттардың олардың мемлекеттік тіркеу туралы белгісі бар көшірмелері;
3) банктің ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес кредитті беру сәтінде (оның рыноктық құнын анықтайтын және дәлелдейтін) жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі қорытындысы;
4) неке туралы куәлігінің көшірмесі және заемшының - жеке тұлғаның ерінің (зайыбының) жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс іске асыруға (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда) келісімін растайтын құжат;
5) қорғаншы және қамқоршы органдарының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және оны соттан тыс жүзеге асыруға рұқсат беруін (келісуін) растайтын құжат (егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған тұлғалар және сотта іс-әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болып танылған тұлғалар болса).";
4) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"5) кепілгердің немесе кепілдік берушінің - жеке тұлғаның еңбекақысын және/немесе басқа кірістерін көрсететін құжаттар;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының кепілгердің немесе кепілдік берушінің - жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі;
7) кредиттік бюродан алынған кепілгердің немесе кепілдік беруші туралы кредиттік есеп.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Заемшылары ауысқан кредит бойынша кредиттік досьеде осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген негізгі құжаттаманың тізбесінде толықтыру ретінде мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) банктің борышты аударым жасауға келісім беру туралы заемшының және болжалданып отырған жаңа заемшының борышты басқа тұлғаға аударым жасаудың негіздемесі бар өтініші;
2) борышты аудару жөніндегі банктің жазбаша келісімі, сондай-ақ осының алдындағы және жаңа заемшылар арасында жасалған жазбаша келісім;
3) заемшыны ауыстыруды мақұлдау туралы банктің уәкілетті органының шешімі;
4) осының алдындағы және жаңа заемшы қол қойған кредит беру жөніндегі шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.";
22, 23 және 24 тармақтарында "банк", "банктің" деген сөздерден кейін "(банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын, банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарды қоспағанда)" деген сөздерімен толықтырылсын;
27-тармақтың бірінші абзацында:
"8-тармағының 4), 12), 16) тармақшаларында" деген сөздер мен цифрлардан кейін ", 9-тармақтың 2), 6) тармақшаларында" деген сөздермен және цифрлармен толықтырылсын;
"6" деген цифр "5)" деген цифрмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е.Раева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банктік заемдық операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.