Toggle Dropdown
3
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7570 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк
Toggle Dropdown
Төрағасы Г. Марченко
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 76
қаулысына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2009 жылғы № 9 жарияланған).
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қосымшасының 7-тармағы.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) қосымшасының 12-тармағы.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 4 қазандағы № 150 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6632 тіркелген) 1-тармағы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 76 қаулысымен
бекітілді
Toggle Dropdown
Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидалары
Toggle Dropdown
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруының тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді және Қор (Ұйым) бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.
Toggle Dropdown
2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) ашық валюталық позиция – Қордың (Ұйымның) жекелеген шет мемлекеті (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы талаптарының (міндеттемелерінің) Қордың (Ұйымның) сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі;
Toggle Dropdown
2) баға тәуекелі – қаржы нарықтарында қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Toggle Dropdown
3) бедел тәуекелі – қоғамның жағымсыз пікірі немесе Қорға (Ұйымға) деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Toggle Dropdown
4) бэк-тестинг – Қор (Ұйым) бойынша тарихи деректерді пайдалана отырып, және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
Toggle Dropdown
5) валюталық нетто-позиция – Қордың (Ұйымның) барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасының арасындағы айырма;
Toggle Dropdown
6) валюталық тәуекел – Қор (Ұйым) қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша құндылығын көрсетудегі позицияларды асыра бағалаудан туындайды;
Toggle Dropdown
7) гэп-позиция – Қордың (Ұйымның) зейнетақы (меншікті) өтімді активтерінің және орындалу мерзімдеріне қарай зейнетақы (меншікті) өтімді активтері бойынша міндеттемелерінің арасындағы айырма;
Toggle Dropdown
8) ел (трансферт) тәуекелі – шет мемлекетінің немесе шет мемлекеті резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Toggle Dropdown
9) корпоративтік басқару – ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге ұйымның қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ұйымның жоғарғы органының, басқару органының, атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын ұйымды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
Toggle Dropdown
10) кредиттік тәуекел – бағалы қағаз шығарылымы талаптарында белгіленген мерзімде эмитенттің инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған әріптестің своптар, опциондар және кредиттік тәуекелдерге ұшырағыш өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар және қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде пайда болатын шығындар тәуекелі де кіреді;
Toggle Dropdown
11) қарсы әріптес – Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жасау барысында Қорға (Ұйымға) қызмет көрсететін, аумағында осы заңды тұлға заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқық беретін лицензиясы не рұқсаты бар заңды тұлға;
Toggle Dropdown
12) қор тәуекелі – қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
Toggle Dropdown
13) құқықтық тәуекел – Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не Қор (Ұйым) практикасының өздерінің ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан, ал Қазақстан Республикасының резиденті еместерімен қарым-қатынасында – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Toggle Dropdown
14) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметінің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
Toggle Dropdown
15) мүдделер қайшылығын басқару – Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері оның шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер етуі, сондай-ақ оның Қор салымшыларының (алушыларының) және (немесе) Қор (Ұйым) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келуі мүмкін жағдайларына жол бермеу тетіктерін құру;
Toggle Dropdown
16) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық негізі бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дерек көзі болып табылады;
Toggle Dropdown
17) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында қызметкерлер тарапынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:
Toggle Dropdown
жауапкершілікті бөлуді, есеп беру және басқару құрылымын қоса алғанда Қордың (Ұйымның) анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;
Toggle Dropdown
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;
Toggle Dropdown
шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;
Toggle Dropdown
қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) Қордың (Ұйымның) білікті емес штатына;
Toggle Dropdown
Қордың (Ұйымның) қызметін жүзеге асыру үдерісінің құрылуы тиімділігінің жеткіліксіз болуына не ішкі қағидаларын сақтауды бақылаудың нашар болуына;
Toggle Dropdown
Қордың (Ұйымның) қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;
Toggle Dropdown
Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін ішкі құжаттарында (қағидаларында) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;
Toggle Dropdown
Қор (Ұйым) қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылыуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің Қорға (Ұйымға) деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес әрекеттеріне байланысты тәуекелдерді қамтитын сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Toggle Dropdown
18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - Қордың (Ұйымның) өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың, төмен шығасыларымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу қабілетімен айқындалады;
Toggle Dropdown
19) пайыздық тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:
Toggle Dropdown
орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері болған кезде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкессіздігінен шығыстардың (шығындардың) пайда болуына;
Toggle Dropdown
өзге тең жағдайларда ұқсас бағалық сипаттамасы болатын құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты тәуекелдер (негізгі тәуекел) кіреді;