Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте

Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7552 тіркелді
Тақырыбы өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған) Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысымен бекітілді
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)(жарияланбаған) Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 12 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 жылғы № 230 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (27.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 2-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 2-тармағына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 3-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына, 12-бабының 9-1) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (19.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және талаптар тізбесі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (19.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін жүзеге асыруға келісім беру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге өтініш талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (жеке тұлғалар үшін) 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады және Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш (заңды тұлғалар үшін) талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері білдірген жағдайда өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы оны көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдау арқылы дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисін көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден:
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;
Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.
6. Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше құжаттарды 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (16.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (14.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты жағдайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
7. Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысы келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің шегінде) Басқарма қаулысының электронды көшірмесін қоса берумен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.
9. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) акцияларына тікелей немесе жанама иелік ету үлестерін қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғанды есептемегенде) акциялардың көлемінен тиісінше банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының санына есептейді.
10. Тұлға мыналар қаржы ұйымының акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдері анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда оны жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады:
1) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлға (тиісінше қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар);
2) бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда бірі;
3) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан да көп пайызымен тікелей және (немесе) жанама дауыс беруді иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) немесе қаржы ұйымының акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалар.
Сондай-ақ мына тұлғалар қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғылық капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар бірлесіп иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) тұлғалар болып танылады:
оның басшы қызметкері болып табылатын заңды және жеке тұлға;
жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық туысатын және толық туыспайтын інілер (ағалар) мен сіңлі-әпкелер (қарындастар), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
Осы тармақтың екінші бөлігінен басқа заңды тұлғалардың (жарғы капиталында қатысу үлесімен) акцияларын жүйелі иелену арқылы қаржы ұйымының, қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк немесе сақтандыру холдингінің немесе қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтауға мүмкіндігі бар тұлға қаржы ұйымының (дауыс беруші) акцияларын жанама иеленуші тұлға болып танылады. Бір заңды тұлғаның қаржы ұйымының акцияларын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жүйелі иелік ету арқылы жанама иелену (дауыс беру) үлесі көрсетілген заңды тұлғалардың бірінің екіншісіндегі осы жүйелілікте тікелей қатысу үлестерінің туындысы ретінде анықталады.
Егер бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғадағы акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелену (дауыс беру) үлесі елу пайыздан астам болған жағдайда, онда қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) үлесін есептеу мақсатында коэффициент бірге тең деп қабылданады.
Егер заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген тұлғалардың үлесі осы тұлғаның акцияларының (жарғы капиталында қатысу үлесімен) жалпы санынан жиырма пайызға асатын болса, заңды тұлғаның бес пайыздан кем акцияларына (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иелік ететін тұлғалардың иелігіндегі акцияларды қоспағанда (жарғы капиталында қатысу үлесімен) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын (жарғы капиталында қатысу үлесімен) иеленген (шарттың күшімен немесе басқа жағдайда оның дауыс беруге, шешімдерді анықтауға және (немесе) қабылданған шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар болған) жағдайда, онда тұлға қаржы ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
Заңды тұлға банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленген жағдайда, заңды тұлға Банктер туралы заңда және Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен бір мезгілде банк немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын құруға немесе иеленуге рұқсат алуға немесе банк немесе сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш береді.
11. Жеке және заңды тұлғаларға Банктер туралы заңның 13-бабының 1-тармағында және Сақтандыру қызметі туралы заңның 27-бабының 3-тармағында көзделген тәртіпте банк ашуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде тиісінше, банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге бір мезгілде келісім беріледі.
12. Қаржы ұйымының немесе банктің немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі – №385 қаулы) белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 жылғы № 56 Қаулысына сәйкес (23.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Банк холдингі мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын өтініш берушіге тізбесі № 385 қаулымен белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы және уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы Банктер туралы Заңның 17-1-бабының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
13. Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабы 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес банк конгломератының құрамына кіретін банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне банк холдингінің мәртебесін берумен бір мезгілде банк конгломератының құрамына кіретін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.