• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.

#$Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұсынылып отырған Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).
3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаулының" деген сөздің алдынан "номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлермен және (немесе) дилерлерді қоспағанда, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4299 тіркелген) белгіленді.".
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
 және қаржы ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі Басқармасының
 2007 жылғы 25 маусымдағы
 N 168 қаулысымен бекітілген
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
 ұйымдарды лицензиялау ережесі
Осы Ереже 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ", 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң ), 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы " (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы ", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Лицензиялау туралы" (бұдан әрі - Лицензиялау туралы Заң ) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне кіретін Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәртібі мен талаптарын анықтайды.
1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
1. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағында көзделген банктік операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктік емес ұйым) лицензияны Банктер туралы Заңның 30-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда уәкілетті орган береді.
2. Ешбір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Банктер туралы заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыра алмайды.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.12.2007. № 272, 28 (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).08.2009 № 197 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.
Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.
: 3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.12.2007. № 272 Қаулысымен (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. Өтініш иесі лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар береді:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтініш;
2)  кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға ретінде өтініш иесінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
#$08.2010 бастап 3) тармақша алынып тасталады - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.03.2010 № 47 қаулысымен.
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;
4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы жөніндегі лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережесін;
7) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтер;
8) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
9) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.12.2007. № 272 Қаулысымен (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осылар бар болса) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелерінің нотариатта куәландырылған көшірмелері;
11) жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларынан басқа).
Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғы капиталының барынша төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғы капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен жарғы капиталын қалыптастыру тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
Жарғы капиталының барынша төмен мөлшеріне төлем жасау талаптары жарғы капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін коммерциялық емес ұйымдарға таратылмайды.
: 4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.12.2007. № 272, 28 (25.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).11.2008 № 182, 28.08.2009 № 197, 29.03.2010 № 47 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
5. Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтерді;
2) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ережені;