Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.
6. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен келісілді
____________________________
(қолы, күні, елтаңбалық мөр)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы
N 168 қаулысымен бекітілген
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарды лицензиялау ережесі
Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі - Банктер туралы заң), 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәртібі мен талаптарын анықтайды.
1-тарау. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
1. Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағында көзделген банктік операцияларды жүргізуге банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктік емес ұйым) лицензияны Банктер туралы Заңның 30-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда уәкілетті орган береді.
2. Ешбір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Банктер туралы заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыра алмайды.
3. Банктік емес ұйымға Банктер туралы заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларды жүргізуге арналған лицензия тек банктер ғана жүзеге асыра алатын банк операцияларын қоспай беріледі.
Банктік емес ұйым жүзеге асыратын банктік заем операциясын басқа банктік операцияларының басқа түрлерін қосып атқаруға болмайды.
4. Өтініш иесі лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар береді:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтініш;
2) кез-келген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға ретінде өтініш иесінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі;
4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы жөніндегі лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
5) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсатын ашатын, өтініш беруші ыңғайланып отырған рынок сегментін, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын, ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш берушіде өзінің қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімше бар болғандығын көрсететін бизнес-жоспар;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережесін;
7) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтер;
8) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
9) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осылар бар болса) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелерінің нотариатта куәландырылған көшірмелері;
11) жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларынан басқа).
Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғы капиталының барынша төмен мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғы капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен жарғы капиталын қалыптастыру тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
Жарғы капиталының барынша төмен мөлшеріне төлем жасау талаптары жарғы капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін коммерциялық емес ұйымдарға таратылмайды.
5. Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы электронды және қағаз жеткізушімен берілетін мәліметтерді;
2) Банктер туралы Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы ережені;
3) ішкі аудит туралы ережені.
6. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы Ереженің 4-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.