|
Лицензия алу үшін өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарына және осы қаулымен (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес, мыналарды қоса берумен құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша заңды тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер нысаны:
Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және акционерінің (қатысушысының) басқару органының (бар болса, байқау кеңесінің) бірінші басшысы туралы мәліметтер атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;
заңды тұлға – акционердің (қатысушының) (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтердің атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара орындайтын адамның) және басқару органының (бар болса, байқау кеңесінің) бірінші басшысының (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
атқарушы органның (атқарушы органның функциясын жеке – дара орындайтын адамның) және акционер (қатысушы) - заңды тұлғаның басқару органының (бар болса, байқау кеңесінің) бірінші басшысында азаматтық елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін өздері азаматы болып табылатын елдің (олар тұрақты тұратын елдің) мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растайтын құжат - заңды тұлға – акционердің (қатысушының) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқаушы кеңесінің) бірінші басшысы (ол болған кезде) соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің заңнамасында белгіленген тәртіппен;
5) мыналарды қоса берумен құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер нысаны:
акционер (қатысушы) – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) – жеке тұлғасында азаматтық елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын, оларды азаматтық елінің мемлекеттік органы (олар тұрақты тұратын елде - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұрған;
6) филиалдардың (олар бар болса) тізімі және олар туралы ережелердің көшірмелері (филиалдар туралы ережелердің түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
7) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерлерінің тегін, атын және әкесінің атын (олар бар болса) көрсетумен штат кестесінің көшірмесі;
8) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, көрсетілетін қызметті алушы бағдарланған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), көрсетілетін қызметті алушының қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және көрсетілетін қызметті алушы қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспарды;
9) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы бекіткен ішкі аудит қызметі (ревизиялық комиссия) туралы ереже (ол бар болса);
10) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы бекіткен кредит комитеті (ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган) туралы ереже (ол бар болса);
11) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес келетін банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалар;
12) мыналарды қоса берумен электрондық және қағаз тасымалдағыштарда Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының басшысы туралы мәліметтер нысаны:
көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының басшысында азаматтық елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының жоқтығы туралы, оларды азаматтық елінің (олар тұрақты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжатты растайтын құжат;
13) «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7642 болып тіркелген) белгіленген жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
14) бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бөлігіндегі іс-шаралардың орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
15) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес банк операцияларын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті қызметкерлерді жалдауды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі –ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш жасаған кезде:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) порталда өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш жасаған кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын жүргізуге лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) олар жөніндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталда өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
3) олар туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері
|
Комментарий успешно добавлен