1. Екінші деңгейдегі банктер базалық активі:
Отправить по почте
Осы редакция 02.11.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4892 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктер базалық активі:
шетел және ұлттық валютасы;
валюта индекстері;
тазартылған қымбат металдар;
сыйақы ставкасы: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своптар бойынша ставка, спред, пайыздық өзгеру және құбылмалылық;
бағалы қағаздар, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге» "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сатып алуға рұқсат берілген туынды бағалы қағаздар;
тізбесі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалған есеп айырысу көрсеткіштері (индекстері);
кредиттік тәуекел (credit risk);
тізбесі осы қаулының 2-қосымшасымен айқындалған тауарлық активтер, көрсетілген тауарлық активтерді нақты жеткізуді жүзеге асырмастан, сондай-ақ тауарлық активтерге индекстер болып табылатын туынды бағалы қағаздармен брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алады.
2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағымен айқындалған туынды бағалы қағаздар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарында сатып алынады.
Екінші деңгейдегі банктер базалық активі төмендегі ұйымдардың кредиттік тәуекелі болып табылатын туынды бағалы қағаздармен брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алады:
кредиттік рейтингі "ВВ-" кем емес ("Standard & Poors" және "Ғitch" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва3" кем емес ("Moodys Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша), не жоғарыда көрсетілген рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ" кем емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент;
кредиттік рейтингі "ВВВ-" кем емес ("Standard & Poors" және "Ғitch" рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "ВВа3" кем емес ("Moodys Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) Қазақстан Республикасының резидент емес;
берілген заемдар бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, сондай-ақ шығарылған кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша Қазақстан Республикасының өтініш беруші-резидент.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |