Қазақстан Республикасының
Отправить по почте
Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 137 Заңы
Астанада 2006 жылғы 12 қаңтарда қол қойылған Еуразия даму банкін құру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еуразия даму банкiн құру туралы КЕЛIСIМ
Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге тартылған Еуразия даму банкi (бұдан әрi - Банк) құрылсын.
Банк басқа халықаралық қаржы және банктiк ұйымдар мен одақтардың жұмысына қатыса отырып, халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседi.
2-бап
Банк өз қызметiнде халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, қолданыстағы халықаралық шарттарды, осы Келiсiмдi және Банк Жарғысын басшылыққа алады.
Банк банктiк қызметтiң жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жұмыс iстейдi.
Банктiң Жарғысы осы Келiсiммен бекiтiледi, оның ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Келiсiмге қосымша түрiнде ресiмделдi.
Банк өз функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшiн осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерiмен Банктiң олардың аумақтарында болу шарттары туралы, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң орталық (ұлттық) банктерiмен және өзге де уәкiлеттi органдарымен келiсiмдер жасаса алады.
3-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн оған басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Банктiң Жарғысында көзделген қажеттi талаптар мен рәсiмдердi орындаған жағдайда қосыла алады.
Осы Келiсiм оған қосылатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшiн осы Келiсiмге қосылу туралы құжатты депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi. Қосылу туралы бiрiншi құжатты тапсырған күннен бастап және осы Келiсiм көптарапты болып тұрғанда депозитарий функциясын Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгi орындайды.
4-бап
Осы Келiсiмнiң әрбiр қатысушысы депозитарийге өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберiп және Банктiң Жарғысында көзделген шарттарды орындай отырып, Банктiң құрамынан шыға алады.
Осы Келiсiм Банктiң Жарғысына сәйкес Банк пен осы қатысушы арасындағы қатынастар түпкiлiктi реттелген күнi осындай қатысушы үшiн қолданылуын тоқтатады.
5-бап
Осы Келiсiмге оған барлық қатысушылардың келiсiмiмен жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты келiспеушiлiктердi оған қатысушылар келiссөздер және консультациялар жолымен реттейдi.
7-бап
Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша Уағдаласушы Тараптардың оның кyшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Банк Жарғысының 8-бабы 4-тармағының ережелерi Келiсiмге қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады.
200 жылғы " " қаңтарда Астана қаласында екi дана етiлiп орыс тiлiнде жасалды.
Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
200 жылғы " " қаңтардағы Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмге ҚОСЫМША ЕУРАЗИЯ ДАМУ БАНКIНIҢ ЖАРҒЫСЫ
Еуразия даму банкi (бұдан әрi - Банк) 200 жылы " " қаңтарда қол қойылған Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес құрылды және өз қызметiн оған сәйкес жүзеге асырады. Осы Жарғы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
I бөлiм Банктiң мақсаттары, функциялары және қатысушылары
1-бап Банктiң мақсаттары
Банк Банкке қатысушы мемлекеттердiң нарықтық экономикасының қалыптасуына және дамуына, инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен олардың экономикалық өсуiне және олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге тартылған.
Банк Банкке жаңа қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қосылуы үшiн ашықтық қағидатына сәйкес халықаралық қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметтi жүзеге асырады.
2-бап Банктiң функциялары
Өз мақсаттарына қол жеткiзу үшiн Банк мынадай функцияларды орындайды:
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, кепiлдiктер беру және ол үшiн меншiк капиталын, халықаралық және ұлттық қаржы нарықтарынан алынған қаражатты, сондай-ақ басқа қол жетiмдi ресурстарды пайдалана отырып, Банкке қатысушы мемлекеттердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту мүддесiне сай инвестициялық қызметті жүзеге асырады;
Банкке қатысушыларға экономикалық даму, ресурстарды тиiмдi пайдалану, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерi бойынша консультация бередi, мемлекеттiк және халықаралық қаржы саласында ақпараттық-талдама жұмысын жүргiзедi;
халықаралық ұйымдармен, мемлекеттермен, Банкке қатысушы мемлекеттердiң және экономикалық дамуды қаржыландыруға мүдделi басқа да елдердiң ұлттық мекемелерiмен және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
Келiсiмде Банкке қатысушылармен, олардың орталық (ұлттық) банктерiмен және өзге уәкiлеттi органдармен Банк жасасқан екi жақты келiсiмдерде айқындалған, сондай-ақ халықаралық банктiк практикаға Банктiң мақсаттарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3-бап Банктiң мәртебесi және орналасқан жерi
1. Банк халықаралық ұйым - халықаралық құқық субъектiсi болып табылады, халықаралық құқықтық қабiлетке ие және атап айтқанда, өз құзыретi шегiнде халықаралық шарттар жасасуға құқығы бар.
2. Банк Банкке қатысушылардың аумағындағы заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады және атап айтқанда, мыналарға:
а) Банктiң Жарғысына қайшы келмейтiн кез келген мәмiлелер жасасуға;
б) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi жалға алуға, сатып алуға және иелiктен айыруға, сондай-ақ көрсетiлген мүлiкке өзге де тәсiлмен билiк етуге;
в) сот және төрелiк органдарда сөз алуға құқылы. Банкке қатысушы мемлекеттердiң аумағында Банк үшiн Банкке қатысушы мемлекеттердiң заңнамасында заңды тұлғаларға бекiтiлген өз мүдделерiн қорғау үшiн дәл сондай iс жүргiзу құқықтары танылады;
г) осы Жарғыға сәйкес Банктiң мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.
3. Банк өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал Банкке қатысушылар Банктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Банкке қатысушылар оларға тиесiлi акциялар құнының шегiнде Банктiң қызметiне байланысты залалдың тәуекелдiгiне тәуелдi болады.
4. Банктiң орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |