• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3576
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесі бекітілсін. 
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ереже" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 336  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 340 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 2 (42) басылымдарында 1997 жылғы 13-18 қаңтарда жарияланған); 
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 485  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 660 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 1 (145) басылымдарында 1999 жылғы 1-17 қаңтарда жарияланған). 
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді. 
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2005 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113
 қаулысымен бекітілген
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына, "Мемлекеттік қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі бойынша Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және банк кредиторларының мүддесін қорғау мақсатында капиталдың теріс мөлшері бар банк (бұдан әрі - банк) акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторға/инвесторларға (бұдан әрі - инвестор) міндетті түрде сату тәртібін айқындайды.