Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы N 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3940
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігі
Төраға
18 қазан 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сауда және индустрия
министрлігі
Бірінші Вице-Министр
4 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр
12 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Министр
2 қараша 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурcтар министрлігі
Бірінші Вице-Министр
27 қазан 2005 жыл
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы N 122 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің валюта операцияларының мониторингін (бұдан әрі - валюта мониторингі) жүзеге асыру және валюта мониторингі объектілерінің валюта операциялары бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереженің мақсаты үшін "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бас компания - Қазақстан Республикасының аумағында филиалы (өкілдігі) бар резидент емес заңды тұлға;
2) шарт - келісім, келісім-шарт, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ негізінде және (немесе) орындау үшін валюта операциялары жүзеге асырылатын өзге құжаттар;
3) тапсырыс беруші:
тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыстар) сатып алуға шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компания жасаған шарттар бойынша тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыс) сатып алған филиалы (өкілдігі);
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |