Toggle Dropdown
11
Микрокредиттік ұйымдар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы N 392 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 10.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi және микрокредиттiк ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметiнiң, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшелiктерiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) кредиттiк досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микрокредиттiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер;
Toggle Dropdown
3) микрокредит - микрокредиттiк ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлік және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша;
Toggle Dropdown
4) микрокредиттiк ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микрокредит.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдары
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Шаруашылық серiктестiгiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде микрокредиттiк ұйымдарға қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Микрокредиттерді беру
Toggle Dropdown
3-бап. Микрокредиттердi беру
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.
Toggle Dropdown
2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредиттi берудiң тәртiбi мен талаптары микрокредиттiк ұйымның жоғары органы бекiткен микрокредиттердi беру ережелерiнде және микрокредиттi беру туралы шартта белгiленедi.
Toggle Dropdown
Mикрокредиттік ұйым өз қызметiн микрокредиттердi беру ережелерi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
Toggle Dropdown
3. Берiлген микрокредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы, микрокредиттiң берiлу мерзiмiне қарамастан, жылға қайта есепте көрсетiледi.
Toggle Dropdown
4. Микрокредиттік ұйым микрокредит беруге байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микрокредит берілгеннен кейін өндіріп алады.
Toggle Dropdown
4-бап. Микрокредит беру туралы шарттың мiндеттi талаптары және оны пайдалану
Toggle Dropdown
1. Микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, оның бiр данасын микрокредиттiк ұйым қарыз алушының кредиттiк досьесiнде сақтайды.
Toggle Dropdown
2. Микрокредит беру туралы шартта:
Toggle Dropdown
1) микрокредиттiк ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегiн, атын және әкесiнiң атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттiк ұйым және қарыз алушы туралы мәлiметтер;
Toggle Dropdown
2) микрокредиттiң мақсаты (мақсатты микрокредит беру кезiнде);
Toggle Dropdown
3) берiлетiн микрокредиттiң жалпы сомасы;
Toggle Dropdown
4) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi;
Toggle Dropdown
5) микрокредиттi өтеу тәсiлi (бiржолата не бөлшектеп);
Toggle Dropdown
5-1) микрокредит беру туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетілген, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредит пен сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарт тараптарының екеуі де қол қойған микрокредитті өтеу кестесі;
Toggle Dropdown
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол болған жағдайда) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) микрокредит бойынша сыйақы ставкаларының мөлшері, оның ішінде осы Заңның 4-1-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық сыйақы ставкасының және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері (микрокредиттің нақты құны);
Toggle Dropdown
8) тараптардың жауаптылығы;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайлар қамтылуға тиiс.
Toggle Dropdown
3. Мақсатты микрокредит беру жағдайларында микрокредиттiк ұйымның оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы микрокредиттiк ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
Қарыз алушы микрокредиттi мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттi орындамаған кезде микрокредиттiк ұйым микрокредит беру туралы шартты микрокредиттiң берiлмеген бөлiгiне сәйкес орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан микрокредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруды және ол бойынша сыйақыны талап етуге құқылы.
Toggle Dropdown
4-1-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу
Toggle Dropdown
1
1. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы – микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микрокредиттік ұйымға төлеуге жататын сыйақыны, бар болған кезде – комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін микрокредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы ставкасы.
Toggle Dropdown
Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшері қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Микрокредиттік ұйымдар жылдық тиімді сыйақы ставкасын микрокредит беру туралы шарттың тармағында көрсетеді, онда сыйақының жылдық ставкасының мөлшері көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
(СЖС + ТЖС)/(БҚ/М)
Toggle Dropdown
ЖТСС = ----------------- x 12 x 100, мұнда:
Toggle Dropdown
ЖТСС – микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасы;
Toggle Dropdown
СЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзім ішіндегі сыйақының жалпы сомасы;
Toggle Dropdown
ТЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және өтегені (қайтарғаны) үшін микрокредиттік ұйымның комиссиялық және өзге де төлемдерінің жалпы сомасы;
Toggle Dropdown
БҚ – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімі ішіндегі микрокредит бойынша ай сайынғы берешек қалдықтарының жалпы сомасы;
Toggle Dropdown
М – микрокредитті айлар бойынша өтеу мерзімі.
Toggle Dropdown
4. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
Toggle Dropdown
1) микрокредитті өтеудің бүкіл мерзімі ішіндегі микрокредит бойынша сыйақы;
Toggle Dropdown
2) комиссиялық және өзге де төлемдер – микрокредит беру туралы шартқа сәйкес микрокредиттік ұйымға төлеуге жататын микрокредитті алуға, пайдалануға және өтеуге (қайтаруға) байланысты, микрокредит беру туралы шарт жасасқан кезде мөлшері мен төлеу мерзімдері белгілі болған қарыз алушының шығыстары ескеріледі.
Toggle Dropdown
5. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу кезінде:
Toggle Dropdown
1) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), оның ішінде қарыз алушының микрокредит беру туралы шарттың талаптарын сақтамағаны үшін;
Toggle Dropdown
2) микрокредитке қызмет көрсету бойынша микрокредит беру туралы шартта көзделген, шамасы және (немесе) төлеу мерзімдері шарт жасасқан күні белгісіз болған және қарыз алушының шешіміне және (немесе) оның жасаған әрекетіне (микрокредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу) байланысты төлемдер ескерілмейді.
Toggle Dropdown
6. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімдерін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы ставкасының нақтыланған мәнін есептеу, микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі басталғанда қарыз алушы жүргізген микрокредит бойынша төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін күнгі микрокредитті өтеудің қалған мерзіміндегі берешек қалдығы негізге алынып жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Микрокредиттi беру туралы шарт қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредиттi беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
Toggle Dropdown
6-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттiк ұйым:
Toggle Dropdown
1) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдауға;
Toggle Dropdown
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұратуға;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Toggle Dropdown
2. Микрокредиттік ұйым:
Toggle Dropdown
1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар етуге;
Toggle Dropdown
2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыруға;
Toggle Dropdown
3) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар етуге;
Toggle Dropdown
4) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар етуге;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
7-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Қарыз алушы:
Toggle Dropdown
1) микрокредиттiк ұйымның микрокредиттердi беру ережелерiмен танысуға;
Toggle Dropdown
2) егер микрокредиттi беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, алған микрокредиттi өз қалауы бойынша пайдалануға;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Toggle Dropdown
2. Қарыз алушы:
Toggle Dropdown
1) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге;
Toggle Dropdown
2) микрокредиттiк ұйым осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
8-бап. Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
Toggle Dropdown
Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
Toggle Dropdown
9-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтық жағдайы
Toggle Dropdown
1. Коммерциялық микрокредиттiк ұйым шаруашылық серiктестiк нысанында құрылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
2. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым тек қана жеке және заңды тұлғалардың қызметiн ынталандыруға бағытталған мiндеттердi қамтамасыз ету және оларға осы Заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Toggle Dropdown
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi, сондай-ақ осы Заңда көзделген қызметтiң қосымша түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдардың кiрiстерi оның мүшелерiнiң (қатысушыларының) арасында бөлiнбейдi және осы Заңда көзделген қызмет мақсаттарына бағытталады.
Toggle Dropdown
3. Микрокредиттiк ұйымға бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
10-бап. Микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру
Toggle Dropdown
1. Mикрокредиттік ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн оны мемлекеттiк тiркеу кезiне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
2. Құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына арнап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
Toggle Dropdown
3. Осы баптың ережесi коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдарға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
11-бап. Микрокредиттiк ұйымның атауы
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттiк ұйымның толық атауында мiндеттi түрде "микрокредиттiк ұйым" деген сөздер немесе олардың туынды сөздерi болуға тиiс.
Toggle Dropdown
2. Микрокредиттiк ұйымның қысқартылған атауында мiндеттi түрде "MKҰ" аббревиатурасы болуға тиiс.
Toggle Dropdown
3. Микрокредиттiк ұйым ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында "микрокредиттiк ұйым" деген сөздердi, ол микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп болжайтын олардың туынды сөздерiн немесе "МКҰ" аббревиатурасын пайдалануға құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
12-бап. Микрокредиттердi беру ережесi
Toggle Dropdown
Микрокредиттердi беру ережесiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиіс:
Toggle Dropdown
1) микрокредиттердi беру мерзiмдерi;
Toggle Dropdown
2) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi шамасы;
Toggle Dropdown
3) берiлген микрокредиттер жөнiндегi сыйақыны төлеу тәртiбi;
Toggle Dropdown
4) микрокредиттiк ұйым беретiн қамтамасыз етуге ұсынылатын талаптар (ол болған жағдайда).
Toggle Dropdown
Микрокредиттердi беру ережесiнде микрокредиттердi берудiң өзге де талаптары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн мәлiметтер де болуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
13-бап. Iшкi бақылау қызметi
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттiк ұйым өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi бақылау қызметiн құрады.
Toggle Dropdown
2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микрокредиттiк ұйымның iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттармен белгiленедi.
Toggle Dropdown
14-бап. Микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң қосымша түрлерi
Toggle Dropdown
Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттердi беру жөнiндегi қызметiнде қосымша мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыз (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тарту;
Toggle Dropdown
2) уақытша еркiн активтердi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, корпоративтiк бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен орналастыру;
Toggle Dropdown
3) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасу;
Toggle Dropdown
4) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;
Toggle Dropdown
5) өзiнiң меншiк мүлкiн сату;
Toggle Dropdown
6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
7) өзiнiң меншiк мүлкiн жалға беру;
Toggle Dropdown
8) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
9) өтеусiз негiзде оқыту.
Toggle Dropdown
15-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттаманы жүргiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредиттi қарыз алушылардың тiркеу журналында тiркейдi.
Toggle Dropdown
2. Микрокредит алу үшiн қарыз алушы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
3. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредит бойынша микрокредиттi беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын кредиттiк досьенi жүргiзуге тиiс.
Toggle Dropdown
Кредиттiк досье мыналарды қамтуға тиiс:
Toggle Dropdown
1) қарыз алушы қол қойған, микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), микрокредиттi өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге берiлетiн, құны көрсетiлген мүлiк туралы не қамтамасыз етудiң болмауы туралы мәлiметтер қамтылған өтiнiш;
Toggle Dropdown
2) қарыз алушының белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
Toggle Dropdown
3) қарыз алушының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн);
Toggle Dropdown
4) қарыз алушы өкiлiнiң микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
Toggle Dropdown
5) микрокредит беру туралы шарт;
Toggle Dropdown
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда - кепiл туралы шарт.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiк кепiлi осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда тiркелуге тиiс.
Toggle Dropdown
5. Мiндеттемесiн орындау кепiлдiкпен немесе кепiлгерлiкпен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша кредиттiк досьеге мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
Toggle Dropdown
1) кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шарты;
Toggle Dropdown
2) кепiлдiк берушi атынан кепiлдiк шартына немесе кепiлгер атынан кепiлгерлiк шартына қол қоятын өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар.
Toggle Dropdown
6. Микрокредит бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын құжаттар кредиттiк досьеге қоса берiлуге және микрокредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуге тиiс.
Toggle Dropdown
16-бап. Микрокредиттi беру құпиясы
Toggle Dropdown
1. Микрокредиттi беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерi, қарыз алушыға қатысты микрокредиттi беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредиттiк ұйымның операциялары туралы (микрокредиттердi беру ережелерiн қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.
Toggle Dropdown
Тарату процесiндегi микрокредиттiк ұйымның микрокредиттi беру туралы жасалған шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредиттердi беру құпиясына жатпайды.
Toggle Dropdown
2. Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттi бepу құпиясына кепiлдiк бередi.
Toggle Dropdown
3. Микрокредиттi беру құпиясы тек қана қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
4. Қарыз алушылар туралы, микрокредиттiң мөлшерi туралы, микрокредиттi беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микрокредиттiк ұйым жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер:
Toggle Dropdown
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
Toggle Dropdown
2) соттарға: соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
Toggle Dropdown
2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;
Toggle Dropdown
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде, оның қарауында жатқан материал бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзiнде;
Toggle Dropdown
4) салық органдарына: нұсқама негiзiнде тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
Toggle Dropdown
5) қарыз алушының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
Toggle Dropdown
5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер, қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғаларды қоспағанда, жазбаша сауал салу негiзiнде, сондай-ақ:
Toggle Dropdown
1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
Toggle Dropdown
2) нотариустерге: нотариустiң мөрiмен расталған, оның жазбаша сауал салуы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустiң жазбаша сауал сaлуына қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
Toggle Dropdown
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
Toggle Dropdown
17-бап. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржы есептiлiгiн жасау
Toggle Dropdown
Микрокредиттiк ұйымның бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуi және қаржы есептiлiгiн жасауы осы Заңның және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептiлiгi туралы заңдарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18-бап. Құжаттарды сақтау
Toggle Dropdown
Микрокредиттiк ұйымның қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
19-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға тыйым салу
Toggle Dropdown
1. Банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттiк ұйымдар ретiнде тiркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
2. Микрокредиттiк ұйымдарға өздерiнiң қызметi туралы, ол жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн, жарнама беруге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
20-бап. Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Қорытынды ережелер
Toggle Dropdown
21-бап. Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау
Toggle Dropdown
Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
22-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi