Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4181.
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 18 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төраға
_________________________
қолы, күні, елтаңбалы мөр
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігінің
Ақпарат және мұрағат
комитеті Төраға
_________________________
қолы, күні, елтаңбалы мөр
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 40 қаулысының 1-қосымшасы
Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар
Қағиадалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 134 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Қағидаларда қолданылатын жалпы ережелер және негізгі ұғымдар
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидалары және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру тәртібі мен мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2008. № 155 Қаулысымен (30.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 226 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 205 Қаулысына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша еріксіз таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
3. Сот:
1) банктің банкрот болуына;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша барлық банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиясынан айыруына;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша банк қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты банкті мәжбүрлеп таратады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 134 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысы.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) банк кредиторы - таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк басқармасының 28.12.2018 жылғы № 325 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бас офис – таратукомиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 226 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) ең төменгі баға - бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;
5) кепілдік беру жөніндегі ұйым - екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;
6) кредиторлар комитеті - кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;
7) кредиторлар санаты - бір жақты сипаты бар талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабымен көзделген белгілі бір кезектілік аясында қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;
8) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 226 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.03.2020 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кейінге қалдырылмайтын қажеттілікке арналған жоспарланбаған шығындары;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк басқармасының 28.12.2018 жылғы № 325 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) қатысушы банк – Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 226 Қаулысына сәйкес (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11) құндылықтар - Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланктер және бағалы заттар;
12) лот - бірлікті сату үшін бөлінбейтін болып ажыратылған аукционға қойылған мүлік;
13) мерзімді баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
14) сату бағасы - сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) белгілеген мүліктің түпкілікті бағасы;