• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмділігiн бағалау ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 19.07.2006 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмділігiн бағалау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 740 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексi  157-бабының  2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiліп отырған Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмділiгiн бағалау ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1272  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 432-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 19 шілдедегі
 N 740 қаулысымен
 бекітілген
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиімділігін бағалау ережесi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына берілетін байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмдiлігін бағалау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ереженiң мақсаты: 
1) байланысты емес гранттарды тартудың және пайдаланудың ашық және тиiмдi процесiн қамтамасыз ету; 
2) байланысты емес гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептер мен ақпараттарды табыс ету процесін реттеу; 
3) байланысты емес гранттардың мониторингi мен оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау процесін реттеу және жүйелендiру болып табылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) бенефициар - осы Ережеде көзделген тәртiппен байланыссыз гранттарды тiкелей алатын және пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымы; 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымы - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме; 
3) атқарушы агенттік - орталық мемлекеттік орган немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдігі; 
4) заттай үлес - бенефициарды және/немесе атқарушы агенттікті ұстауға көзделген бюджеттiк қаржы бөлулер шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе жобаны мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруын көздемейтін бенефициардың және/немесе атқарушы агенттiктiң белгiлi бiр жобаны iске асыру шеңберiндегi (ақшадан басқа) үлесi; 
5) салалық мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзырет шеңберiнде белгiлi бiр қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 
6) жоба - аяқталған сипаты бар белгілі бiр мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған және шектеулi уақыт кезең iшiнде байланысты емес гранттар қаражатының есебінен iске асырылатын iс-шаралар жиынтығы; 
7) байланысты емес гранттар туралы келiсiм - жазбаша нысанда жасалған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтін атқарушы агенттік пен донордың арасындағы келiсiм; 
8) уәкілетті орган - байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi мен пайдаланылу тиiмділігін бағалау процестерiн үйлестірудi жүзеге асыратын экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық атқарушы орган.
4. Байланысты емес гранттар көмек беру түрлерi бойынша былайша бөлінедi: 
1) тауарларды жеткiзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын донордың қаражатына сатып алынған материалдық-техникалық құндылықтарды өтеусiз негiзде мемлекеттік меншікке беру; 
2) жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету - мемлекеттік ұйымдарға сарапшыларды, консультанттарды (мамандарды), еріктілерді (волонтерлердi) жiберу арқылы зерттеулер жүргiзу, консультациялық және басқа да көмек беру, сондай-ақ тауарларды жеткiзу мен мемлекеттiк ұйымдардың қызметшілерін оқыту түрiндегi көмекті қоспағанда, жұмыстар мен қызметтердiң басқа да түрлерi; 
3) мемлекеттiк ұйымдардың қызметшілерiн оқыту - курстар, семинарлар, тренингтер және оқытудың басқа да түрлерiн жүргiзу және/немесе ұйымдастыру және мемлекеттiк ұйымдар қызметшілерінің білiктiлiгiн арттыру.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланысты емес гранттарды пайдалану барысында бенефициарға және/немесе атқарушы агенттікке байланысты емес грант туралы тиiсті келiсiмде көзделген заттай үлес беруге рұқсат етіледi.
6. Мемлекеттiк ұйымдардың донорларға байланысты емес гранттарды тарту мәселелерi бойынша жүгінуi тек уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
2. Байланысты емес гранттарды тарту тәртiбi
7. Уәкілетті орган жыл сайын тиiстi қаржы жылының 1 мамырынан кешіктiрмей атқарушы агенттiктер өтiнiмдер қалыптастырған кезде есепке алу үшiн алдағы қаржы жылына арналған байланысты емес гранттарды беру туралы донорлардың ұсыныстары туралы ақпаратты атқарушы агенттіктерге жiбередi.
8. Атқарушы агенттіктер тиiстi қаржы жылының 1 тамызынан кешiктірмей уәкілетті органға алдағы қаржы жылында байланысты емес гранттарды тарту мақсатында басым жобалардың тiзбесiн қалыптастыру үшiн өтінімдер бередi. Атқарушы агенттiктердің мерзімнен кейiн берiлген өтінімдерін уәкілетті орган қарамай. 
Атқарушы агенттіктердiң өтінiмдерi оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң ұсыныстары ескеріле отырып қалыптасады. 
Барлық деңгейдегi мәслихаттар аппараттарының өтінімдерді тиiстi облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiктерiнiң өтiнімдерiнде көрсетіледi.
9. Атқарушы агенттіктердің өтінiмдердi қалыптастыруы қолданыстағы мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалардың негізiнде жүзеге асырылады.
10. Атқарушы агенттiктiң өтінiмi: 
1) ұсынылатын жобалардың тiзбесiн және олар бойынша шығыстар сомасын; 
2) жобаның мақсаты, негiзгi iс-шаралар және оларды iске асыру мерзiмдерi, күтілетiн нәтижелерi көрсетіле отырып әр жобаға жеке түсiндiрме жазбасын (негiздемесiн); 
3) әр жоба бойынша шығыстардың есептерiн; 
4) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты; 
5) басқа да қажетті ақпаратты өзiне қамтуға тиіс.
11. Байланысты емес гранттарды тартуға арналған өтiнімге енгізiлген жобаларды iрiктеудi уәкілетті орган: 
1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сапасын; 
2) жобалар мақсатының мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларға сәйкестігiн; 
3) жоба мақсатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары үшін донорлардың байланысты емес гранттар беру саясатына сәйкестігiн ескере отырып жүзеге асырады.
12. Атқарушы агенттіктердiң өтінімдерiн қарау барысында уәкілетті орган қажет болған жағдайда: