• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 
2. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар тізбеге енгізуге ұсынатын ұйымдар қызметінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізгеннен кейін орынды болған жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейін тізбеге толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді деп белгіленсін. 
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                            К Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 20 наурыздағы
 N 376 қаулысымен
 бекітілген
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі
Халықаралық ұйымдар
1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ) 
2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО) 
3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 
4. Дүниежүзілік почта одағы 
5. Дүниежүзілік туристік ұйым 
6. Дүниежүзілік Тағы Табиғат Қоры (WWҒ) 
7. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕҒ) 
8. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ/UNІСЕҒ) 
9. Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ/ЕВRD) 
10. Еуропа Комиссиясы (ЕК/ЕС) 
11. Еуропа Одағы (ЕО/ЕU) 
12. Ислам Даму Банкі (ИДБ/IDВ) 
13. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА/ІАЕА) 
14. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (ХҚДБ/ІВRD)) 
15. Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көптарапты агенттік (ИККА/МIGА) 
16. Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ/IDА) 
17. Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық қауымдастығы (INТАS) 
18. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ/ІLО) 
19. Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 
20. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) 
21. Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым 
22. Халықаралық полиция (ИНТЕРПОЛ) 
23. Халықаралық көрмелер бюросы 
24. "Меrсу Соrрs Іntеrnаtіоnаl" халықаралық мейірбандық корпусы 
25. Халықаралық армия спорты одағы 
26. Халықаралық электр байланысы одағы 
27. Халықаралық статистика институты 
28. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК/ІҒС) 
29. Халықаралық Қызыл Крест федерациясы (ІҒRС) 
30. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ІҒАD) 
31. Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) 
32. Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық ұйымы (ЮНЕСКО/UNESСО) 
33. Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN) 
34. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/ҒАО) 
35. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/OSСЕ) 
36. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ/ОЕСD) 
37. Халықаралық эпизоотиялық бюро 
38. БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО/UNIDO)