• Мое избранное
"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 132-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6200 болып енгізілді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.07.2019 жылғы № 373 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4888 болып тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 23 қазандағы № 162 (1365) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
атауындағы және 1-тармақтағы «жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспедегі «202 және 203-баптарына сәйкес» деген сөздер «202, 203 және 204-баптарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінде:
атауындағы «жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
атауындағы және 1–тармақтағы «жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші сөйлемдегі «жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «қосымша демалыс» деген сөздерден кейін «, еңбекақының жоғары мөлшеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4. Еңбекақының жоғары мөлшері
17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақысның жоғары мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасында салалық келісімдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына негізделіп белгіленгеннен төмен болмауға тиіс. Еңбекақының ең төмен стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодекісінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
18. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті жұмыстарда істейтін азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшері «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес белгіленеді.».
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбесі күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр                                      Г. Әбдіқалықова 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрі 
       ____________ Ж. Досқалиев 
2010 жылғы 13 сәуір