Toggle Dropdown
"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 226-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5344 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4888 болып тіркелді, Заң газетінде 2007 жылғы 23 қазандағы N 162 (1365) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
18-бөлімде "Қарулы күштер кәсіпорындары" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"Қарулы күштердің мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары";
Toggle Dropdown
43-бөлімде:
Toggle Dropdown
19-тармақта "36" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"47. Ақыл-ойы кеміс және дене кемістігі бар балаларға арналған интернат-үйлерінің басшылары (директор), басшыларының орынбасарлары (директор орынбасарлары) және әлеуметтік қызметкерлері 36 -";
Toggle Dropdown
50-тармақ ", ойын терапевті, музыка терапевті, еңбек терапевті" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
60-тармақта:
Toggle Dropdown
"Балалар" деген сөз алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
", дефектолог" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
61-тармақта "36" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 63-1 және 63-2 тармақтармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"63-1. Психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдарда науқастармен тікелей және толық жұмыс күні бойына жұмыс істейтін логопед 18 18
Toggle Dropdown
63-2. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының және демалыс үйлерінің (санаторийлердің логопеді, сурдологы) 12 18";
Toggle Dropdown
89-тармақта:
Toggle Dropdown
"медициналық қызметкерлер," деген сөздерден соң "(санитарлар)" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
90, 101 және 102-тармақтарда "36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 111-1 тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"111-1. Желдеткіш қондырғылар және зарарсыздандыру жабдықтары бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлер 6 36";
Toggle Dropdown
158-тармақта "мекемелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
159-тармақта "босану бөлімшесінің (палатасының)" деген сөзден кейін ", босану алдындағы бөлімшесінің (палатасының) және жүкті әйелдердің патологиясы бөлімшесінің (палатасының)" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
163-тармақта "(стационарлық емес)" деген сөз алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
176-тармақта:
Toggle Dropdown
"бикелік күтім үйлерінің" деген сөзден кейін "паллиативтік көмек орталығының" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
"кіші медициналық персоналы, санитарка" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
44-бөлімінің "Радиоактивті заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу" 6, 8, 13 және 14-тармақтарында "36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Б. Сапарбаев
Toggle Dropdown
"КЕЛІСІЛДІ"
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау министрі
Toggle Dropdown
______________А.Дерновой
Toggle Dropdown
2008 жылғы 22 қыркүйек
Toggle Dropdown
"КЕЛІСІЛДІ"
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Қорғаныс министрі
Toggle Dropdown
______________Д. Ахметов
Toggle Dropdown
2008 жылғы 26 қыркүйек