• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 16.07.2008 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 тамыз N 1039
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын. 
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын.