Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 Қаулысы.
Toggle Dropdown
Редакция 06.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесінде:
Toggle Dropdown
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды.
Toggle Dropdown
Тіркелiмдерге, есепке алу кiтаптарына (карточкаларға) мүлiктi есептен шығару туралы жазу агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк кiрiске алынғаннан немесе кәдеге жарату актісі жасалғаннан кейiн ғана бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) негізiнде жүргізiледi.
Toggle Dropdown
Техникалық жай-күйінің актiлері немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) бекітілген жөндеу және оқу-жаттығу мақсаттары үшін жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк тіркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша металл сынығы, ескі зат және басқа да мүлiк ретінде кіріске алынады және ол пайдалану, сату немесе кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.»;
Toggle Dropdown
7, 8-тармақтар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
11-тармақта:
Toggle Dropdown
бірінші бөліктің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9) техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актілерінiң уақтылы жасалуына және мүлiктi бөлшектеудiң жүзеге асырылуына бақылау жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Өлшеу құралдарының (оның iшiнде кiрiктiрілген) техникалық жай-күйi актілеріне олардың жарамсыздығы туралы метрологиялық органның (әскери бөлiмнің өлшеу техникасы базасының немесе зертханасының) куәлiктері қоса берiледi.»;
Toggle Dropdown
16-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Техникалық жай-күйi актiсi және оған қоса берiлген құжаттар түскен күннен бастап екi апта мерзiмде әскери басқару және қамтамасыз ету органдарында оларды ресiмдеудiң дұрыстығы тексеріледi және қажет болған жағдайда мүліктi есептен шығарудың орындылығы, заңдылығы және бөлшектеу тәртібі туралы қорытынды беріледi, содан кейiн техникалық жай-күйi актісi белгiленген тәртiппен бекітуге ұсынылады. Бұл ретте техникалық жай-күйі актісiнiң барлық даналары мекеме мөрiнiң бедерлемесiмен бекiтіледi және куәландырылады, содан кейiн бірiншi данасы әскери бөлiмге қайтарылады, екiншiсi – оны бекiткен жоғары тұрған қамтамасыз ету органдарының iстерінде сақталады.»;
Toggle Dropdown
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«17. Техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсi онда көрсетiлген мүлiктi әскери бөлiмнің есебiнен шығару және есепке алу тiркелiмдерi, кiтаптары мен карточкалары бойынша бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлiктi кiрiске алуға сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiсiн (осы Ережеге 2-қосымша) жасауға негiз болады.
Toggle Dropdown
18. Қару-жараққа, техника мен мүлiкке техникалық қызмет көрсетудiң және жөндеудiң регламенттік жұмыстарын жүргiзген, өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар кезiнде жұмсалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер және қосалқы құралдар мен керек-жарақтар (бұдан әрi – ҚҚЖ) бөлiмшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару актілері (нұсқама) бойынша, ал жөндеу бөлiмшелерiнен (шеберханалардан) орындалған жұмыстар актілері бойынша есептен шығарылады.
Toggle Dropdown
Регламенттік жұмыстар, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде қару-жарақ пен техникадан алынған ақаулы агрегаттар, құралдар мен ҚҚЖ сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актісі бойынша әскери бөлiмнің есебінен шығарылады.»;
Toggle Dropdown
22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«22. Ұшу аппараттарын пайдаланған кезде жұмсалған жанар-жағармай материалдарын, этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару тарату ведомосын, ұшу парағын немесе жоспарлы кестеден үзіндіні қоса бере отырып, жанар-жағармай материалдарын есептен шығару актілері бойынша, стационарлық және жылжымалы агрегаттарды (станцияларды) пайдаланған кезде – агрегаттардың жұмыс парақтары бойынша, радиорелейлiк (тропосфералық) станциялардың қуатты агрегаттарын және аппараттық жерүстi байланыс тораптарын пайдаланған кезде – электр агрегаттарының машиналық журналдарынан үзiндiлер бойынша, техниканы пайдаланған кезде – жол парақтары бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
23. Әскери машиналардағы майларды есептен шығару қозғалтқышта іс жүзінде жанған, оны ауыстырған кезде қозғалтқышты майлау жүйесiнен (корабльдерде циркуляциялық май жүйесiнен) құйып алынған, қызмет көрсету кезеңдiлігі мен ауқымына сәйкес қозғалтқышты және күш берілiсi агрегаттарын, бөлшектер мен тораптарды майлау жүйесiн жуу үшiн пайдаланылған мөлшерінде жүргiзіледi. Майды шығысқа есептен шығару:
Toggle Dropdown
1) пайдаланылатын жерүстi әскери техникасында – шығыс нормаларына сәйкес жол жүру парақтары бойынша;
Toggle Dropdown
2) сақтауда тұрған машиналарда – шығыс нормалары шегiнде іс жүзінде пайдалану бойынша орындалған жұмыстар актілерi бойынша;
Toggle Dropdown
3) корабльдерде және басқа да машиналар мен агрегаттарда және қозғалтқыштарда – машинаның (агрегаттың, қозғалтқыштың) жұмысын есепке алу карточкасы бойынша жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Сақтауда тұрған машиналарды майлау жүйесiндегі май қолда бар ретiнде есепке алынады.
Toggle Dropdown
24. Майлаулар мен арнайы сұйықтықтарды (этил спиртi мен қалыпты қататын салқындатқыш сұйықтықтан басқа), оның iшiнде тежегiш және улы техникалық сұйықтықтарды есептен шығару осы сұйықтықтарды пайдалануды бекiткеннен кейiн жүргiзілген жөндеу, регламенттiк жұмыстар және басқа да мұқтаждарға пайдалану актілері бойынша жүргізiледi. Этил спиртi мен оның қоспаларын есептен шығару регламенттiк жұмыстарға, жабдықтарды жөндеуге және басқа да мақсаттарға – шығыс нормалары шегiнде есептен шығару актілері бойынша жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
Этил спиртiн, сондай-ақ улы техникалық сұйықтықтарды шығысқа есептен шығару актілерiне белгiленген нормаларға сәйкес олардың болжамды шығысы есебi қоса берiледi.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
1
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 1289 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Әскери мүлiктi есепке алу
және есептен шығару
ережесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
БЕКIТЕМIН _________________________ (лауазымы, әскери атағы)
Toggle Dropdown
________________________ (қолы, тегі)
Toggle Dropdown
___ ж. «__»_____________ _________________________
мүліктiң атауы
сапалық жай-күйi өзгеруiнің
№________ АКТIСI
Toggle Dropdown
Жасалған күні | Операция коды | Құжаттың негізі (мақсаты) | Құжат нөмiрi | Қызметi | Әскери бөлiм (бөлiмше, қойма) |
| | | | | |
Toggle Dropdown
Құжаттармен танысу, қарау (тексеру) кезiнде мыналар анықталды:
Toggle Dropdown
Мүлiктiң атауы | Есептен шығарылсын |
саны | өлшем бірлігі | санаты | баланстық құны | Тозу есептелді |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Мүлiктiң атауы | Кіріске алынсын |
саны | өлшем бірлігі | Мүкәммалдық нөмірі | Санаты (сорты, тығыздығы ) | Бір бірлік үшін бағасы | сомас ы |
сомасы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы (басқа санатқа ауыстыру себептерi, сорты, жекелеген тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектерді, басқа да мүлiктi пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы ___________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерi ___________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерi ___________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Toggle Dropdown
Үлкен бастықтың қорытындысы _________________________________________ М.О _________________________________________________________ лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі
Toggle Dropdown
20___ ж. «____»__________
Toggle Dropdown
8-14-бағандарда көрсетілген бөлшектеуден алынған тораптарды, аспаптарды, қосалқы бөлшектерді, бөлшектер мен басқа да мүлiктi жауапты сақтауға қабылдадым
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)
Toggle Dropdown
20___ ж. «____»__________
Toggle Dropdown
Бухгалтерлiк есеп бойынша жүргізілдi:
Toggle Dropdown
Бас бухгалтер ______________________ (қолы, тегі)
Toggle Dropdown
20 ___ ж. «____»_________