• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.04.2010 г

Отправить по почте

20

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 253 Заңы

Осы Заң күшін жойды 20.10.2010 жылдан бастап ҚР 02.04.2010 жылғы № 261-IV Заңына сәйкес
Осы Заң атқарушылық iс жүргiзудiң құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ сот орындаушыларының құқықтық мәртебесiн айқындайды.
Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер жөнiндегi үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады.
1-бап өзгертілді ҚР 05.05.2003 № 409 Заңымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
1
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдардың қолданылу тәртiбi
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмдердi, бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдер туралы заңдарды бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және салық пен кеден заңдарына  сәйкес жүргiзiледi. 
2-1. Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкi жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөнiндегi тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. S,  
3. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары жөнiнде атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан өзгеше туындамаса, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап өзгертілді ҚР 22.06.2006 № 147 Заңымен. (28.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Заңның 5-бабында тiзiп келтiрiлген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен бөлiмдерiнiң сот орындаушыларына жүктеледi. 
2. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады. 
3. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқарушылық iс-әрекеттi бұл жайында заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады.
4-бап жаңа редакцияда ҚР 05.05.2003 № 409 Заңымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4-1-бап. Атқарушылық ic жүргiзу органдарының жүйесi және құзыреті
1) атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 
2) уәкiлеттi органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар); 
3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардағы бөлiмдерi (аумақтық бөлiмдер) құрайды. Аумақтық бөлiмдердiң банктерде ағымдағы шоттары, сондай-ақ мөрлерi мен мөртабандары болуы мүмкiн. 
2. Уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережемен айқындалады. 
Уәкiлеттi органның аумақтық органдарының және аумақтық бөлiмдерiнiң өкiлеттiктерi мен қызмет тәртiбi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады. қараңыз. 
3. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне, заңнамалық актiлермен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерiнiң іс-әрекетiне заңға қайшы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4-1-баппен толықтырылды ҚР 05.05.2003 № 409, өзгертілді - 22.06.2006 № 147 Заңдарымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары; 
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары; 
3-1) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары; 
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары; 
5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары; 
6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы; 
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары. 
2. Атқару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен беретiн оның дубликаты өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады. 
5-бап жаңа редакцияда ҚР 05.05.2003 № 409, өзгертілді - 28.12.2004 № 24 Заңдарымен (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2 баптан қараңыз)
2-тарау. Атқарушылық әрекеттердi жасаудың жалпы жағдайлары
Сот орындаушысы осы Заңмен белгiленген тәртiппен өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған атқару құжаты және сот орындаушысының осы заңның 10-бабына сәйкес ерiктi орындау үшiн белгiлеген мерзiмiнiң өтуi мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негiз болып табылады.
6-бап жаңа редакцияда ҚР 05.05.2003 № 409, өзгертілді - 22.06.2006 № 147 Заңдарымен. (09.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде: 
1) сот актiлерi негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл iшiнде; 
1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - үш жыл iшiнде; 
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары - егер заңмен өзге мерзiмдер белгiленбесе, бiр жыл iшiнде; 
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - бiр жыл iшiнде; 
1) мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде сот актiлерi негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - сот актiсi заңды күшiне енген не сот актiсiн орындаудың мерзiмiн ұзарту немесе оған мәулет беру кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда - ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап; 
1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - шешiм күшiне енген күннен кейiнгi күннен бастап; 
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезiнде - қаулы шығарылған күннен бастап;